Асылдың бірі — адалдық

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі күні еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты бағытына айналған. Жемқорлық – қоғамымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінгі күні жер-жерде осы бір қауіпті індетпен күресуге бағытталған көптеген іс-шаралар қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мерзімдік науқан емес.

Мемлекеттік қызметкерлер әрқашан заң шеңберінен аспай, қоғам дертіне айналған құбылыстың орын алуына жол бермей оның алдын алу шараларын қарастырып отыруы тиіс. Сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау барысында жіберілген кемшіліктер мен олқылықтарды жойып, оларды алдағы уақытта болдырмау қажет.

Жемқорлықпен күрес әрбір Қазақстан азаматының міндеті және ол – қоғамға ортақ күрес. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басымдығы, оны тудыратын себептер мен оған ықпал ететін шарттарды жою», «мемлекеттік ресурстарды бөлуді бақылауды күшейту», «мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын іске асыруын бақылау», «сыбайлас жемқорлықпен күреске өкілетті билік органдарын кеңінен тарту», «әр түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың орын алу деңгейін анықтау кезінде халықаралық тренингтер жүйесін пайдалану», «халықаралық институттардың, отандық үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуы» деп аталатын бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді.

Жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді. Дегенмен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде. Жемқорлық қоғамдағы өте қауіпті ауру болғандықтан демократиялық негіздерге қатер туғызады. Заң мен әділдікке деген сенімнен айырады. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Алматы облысы Әділет департаментінің

«Іле ауданының ауданаралық мәжбүрлеп

орындату аумақтық бөлімі» филиалының

аға сот орындаушысы

Рита Сайновна Бухпантаева

АТА-АНАЛАР БӨЛЕК ТҰРҒАН ЖАҒДАЙДА БАЛАНЫҢ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Отбасы қоғамның негізгі институты болып табылады. Алайда қазіргі таңда...

Заң мен тәртіп – құқықтық мемлекеттің негізі

Құқықтық мемлекеттің басты құндылығы – заңның үстемдігі, азаматтардың құқықтары...

СУДЬЯ ӘДЕБІНІҢ КОДЕКСІ – КӘСІБИ ӨЛШЕМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ

Сот төрелігі – заңды қолдану ғана емес, әділдікті жүзеге...

Салауатты өмір салтына бірге: сотталғандар жолдастық ойын өткізді

Семей қаласындағы футбол алаңында Абай облысы бойынша қауіпсіздігі барынша...

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...