Алматыда Көктөбе аумағы уақытша жабылады 

Алматы әкімдігі келушілер үшін Көктөбе аумағы уақытша жабылатынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

25 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 17:00-ге дейін Көктөбе аумағы келушілер үшін толықтай жабық болады.

Осы уақыт аралығында:

•    аспалы жолдың жұмысы тоқтатылады;
•    автокөлік қозғалысына шектеу қойылады;
•    жүргіншілер бағыттары мен соқпақтарына кіруге болмайды.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлап, аталған шектеуді ескеруін сұрады.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.

Елімізде мемлекеттік мүлікке цифрлық паспорт енгізіледі 

Елімізде мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді бір жүйеге біріктіріп, әр нысанға цифрлық паспорт жасау жоспарланып отыр. Жоба e-Qazyna платформасы негізінде жүзеге асырылады.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.