Елімізде мемлекеттік мүлікке цифрлық паспорт енгізіледі 

Елімізде мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді бір жүйеге біріктіріп, әр нысанға цифрлық паспорт жасау жоспарланып отыр. Жоба e-Qazyna платформасы негізінде жүзеге асырылады.

Цифрлық профильде нысанның орналасқан жері, жағдайы және пайдаланылуы туралы ақпарат жинақталады. Сондай-ақ онда объектінің өмірлік циклі, фотосуреттері мен географиялық координаттары сақталады. Кейін жүйеге ғарыштық мониторинг деректерін де енгізу көзделген.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, жаңа жүйе пайдаланылмай тұрған немесе тиімсіз қолданылатын мемлекеттік активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Деректерді талдау кезінде жасанды интеллект пен Big Data технологиялары қолданылады. Мәселен болжамды талдау нысандардың тозу деңгейін алдын ала бағалап, оларды ұстау және жаңғырту шығындарын есептеуге көмектеседі.

Мемлекеттік мүлікті цифрландыру бірнеше кезеңмен жүргізіледі. 2026 жылы ғимараттар мен құрылыстардың цифрлық профильдерін қалыптастыру жоспарланған. 2027 жылы жер учаскелері, ал 2028-2029 жылдары көлік, жабдықтар және басқа да активтер қамтылады, – делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта e-Qazyna жүйесінде мемлекеттік ұйымдарды есепке алу, электронды сауда, жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті жалға беру секілді 40 цифрлық сервис біріктірілген.

Алматыда Көктөбе аумағы уақытша жабылады 

Алматы әкімдігі келушілер үшін Көктөбе аумағы уақытша жабылатынын ескертті.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.