ЭКСПЕРТТІК ҚОРЫТЫНДЫ

«Бюджет үдерістерінің ашықтығы және бәсекелі мемлекеттік сатып алу: мәселелер мен шешу жолдары» атты мақала мемлекеттік сатып алу саласындағы маңызды және өзекті мәселелерге арналған. Автор бюджет қаражатын тиімді пайдалану, мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету және адал бәсекелестікті дамыту мәселелерін қарастырған.

Мақалада мемлекеттік сатып алу кезінде кездесетін негізгі мәселелер, атап айтқанда, шағымдарды қарау, техникалық ерекшеліктерді дұрыс әзірлеу, мамандардың кәсіби біліктілігі, мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қарастырылған. Сонымен бірге осы мәселелерді шешуге бағытталған нақты ұсыныстар берілген.

Мақаланың ерекшелігі – автор мәселелерді жан-жақты қарастырып, оларды тек бақылау мен жауапкершілік тұрғысынан емес, жүйені жетілдіру тұрғысынан да талдаған. Кәсіби оқыту, цифрлық ашықтық, әдістемелік қолдау және тиімді мониторинг жүргізу қажеттілігі орынды көрсетілген.

Жалпы, мақала мазмұны жағынан өзекті, құрылымы жүйелі және практикалық маңызы бар. Мақалада ұсынылған тұжырымдар мен ұсыныстар мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға және адал бәсекелестікті дамытуға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Нұрмағамбетова А.А.

ЭКСПЕРТНОЕ ЗАКЛЮЧЕНИЕ

Статья «Прозрачность бюджетных процессов и конкурентные государственные закупки: проблемы...

«ADALDYQ CUP»: где честность встречается со знаниями

Качество государственной службы зависит не только от профессиональных знаний...

Адалдық пен білім тоғысқан «ADALDYQ CUP»

Мемлекеттік қызметтің сапасы тек кәсіби білім мен біліктілікке ғана...

Прозрачность бюджетных процессов и конкурентные государственные закупки: проблемы и пути решения

Государственные закупки являются не только инструментом освоения бюджетных средств,...

Бюджет үдерістерінің ашықтығы және бәсекелі мемлекеттік сатып алу: мәселелер мен шешу жолдары

Бюджет үдерістерінің ашықтығы және бәсекелі мемлекеттік сатып алу: мәселелер...