АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: ЖАСТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ТАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, оқушылар мен студенттерге арналған «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шара «Адал Азамат» қағидаттарын жастар арасында насихаттау, ерте кәсіптік бағдар беру, патриоттық құндылықтарды қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс шарада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің міндетін атқарушы Еркеболат Серікұлы Нұржігітов, «Мемлекеттік қызметші ардагері» Бақтияр Камалович Камалов және                           ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Айнұр Маратқызы Идрисова сөз сөйледі.

Кездесуге № 159 және № 35 жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары мен Қ.И. Сәтбаев атындағы университетінің бітіруші студенттері қатысты.

Іс шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыты түсіндірілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кәсіби және мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру мәселелеріне назар аударылды.

Департамент басшысының міндетін атқарушы Еркеболат Серікұлы Нұржігітов жастарды мемлекеттік қызметтегі жаңа мүмкіндіктері туралы айтты:

 «GPA көрсеткіші 3.33- тен төмен емес жоғары оқу орнының түлектеріне мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі берілді. Бұл- білімді және талапты жастар үшін мемлекеттік қызметтегі кәсіби жолын бастауға мүмкіндік»-деді.

Кездесудің маңызды бағыттарының бағыттарының бірі-тәлімгерлік институтын дамыту және тәжірибе сабақтастығын қамтамасыз ету болды. Кездесуда «Мемлекеттік қызмет ардагері», «Тәлімгерлер кеңесінің өкілі» Бақтияр Камалович Камалов баяндама оқып, мемлекеттік қызметтегі өз тәжірибесімен бөлісті және тәлімгерліктің маңыздылығын айтты:                                             «Тәлімгерліктің басты мақсаты- аға буынның жинақтаған тәжірибесін жас мамандарға жеткізу. Жастардың жаңа көзқарасы мен заманауи құзыреттерін тәжірибемен ұштастыру арқылы мемлекеттік қызметтегі сабақтастықты қамтамасыз ете аламыз» — деді.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде қатысушыларға Департамент бойынша және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында басқарма басшылары өздерінің құрылымдық бөлімшелерінің негізгі бағыттарымен және атқаратын міндеттерімен таныстырды. Сонымен қатар, басқарма басшылары мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысымен таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қазіргі таңда «Адал Азамат» қағидаттарын жастар арасында насихаттау және ерте кәсіптік бағдар беру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Мемлекеттік қызмет басқармасының

бас маманы

Сәуле Болатқызы Бердиева

Жеті қазына: бәрі адалдықтан басталады

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен дүниетанымында ұлттық...

ОБЪЯВЛЕНИЕ

о реорганизации юридического лица и переходе обязательств РГП на ПХВ...

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және міндеттемелердің ауысуы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ...

Заң мен тәртіп әр тұрғынның құқығын қорғаудан басталады

Заң мен тәртіп - бұл қылмыспен күрес және жасалған...