Заң мен тәртіп әр тұрғынның құқығын қорғаудан басталады

Заң мен тәртіп — бұл қылмыспен күрес және жасалған құқық бұзушылықтарға ден қою ғана емес. Ең алдымен бұл адамды, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, өмір сүруге қауіпсіз және жайлы орта құру.

Алматы прокуратурасының әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және жою жұмыстарының негізінде дәл осындай тәсіл жатыр. Орын алған зардаптарға ден қойып қана қоймай, маңыздысы жанжалдардың себептерін дер кезінде анықтап, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және осындай жағдайлардың қайталануына жол бермеу.

Мысалы, Ақсай-1А ықшам ауданындағы болған, яғни тұрғындары ұзақ уақыт бойы «Школьник» ПИТК қызметіне наразылық білдірген жағдай, бәріне мысал болды.

Азаматтардың жолданымдарын талдау нәтижелері, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жарияланымдар мен талқылаулар прокурорлық ден қоюға негіз болды.

Ортақ мүлік, заңсыз билік ету нысанасына айналғанда

Жүргізілген тексеру барысында ПИТК төрағасы 2014 жылы үй маңындағы аумаққа жататын және тұрғындардың ортақ үлестік меншігіндегі 1,7 га жер учаскесін бөлгені анықталды.

Кейіннен құрылған жер учаскелерінің бір бөлігі үлестес тұлғаларға сатылған.

Заңсыз иеліктен шығарылған мүліктің жалпы құны 300 млн теңгеден асты.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы аса ірі көлемдегі алаяқтық белгілері бойынша қылмыстық іс тіркеді. Жер учаскелеріне тыйым салынды.

Сот ПИТК төрағасын Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп тауып, оны бес жылға бас бостандығынан айыруға жазалады. Бүгінгі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біз үшін заңдылықты қалпына келтіру, кінәлі адамды жауапқа тартумен шектелмегені маңызды.

Сот — профилактика құралы ретінде

Осы іс аясында алғаш рет ауданның аса проблемалы МИБ және ПИК төрағаларының қатысуымен сот қарауының ашық форматы іске асырылды, олардың қызметіне қатысты тұрғындардан көптеген шағымдары келіп түсуде.

Біз қарапайым қағидатты негізге алдық: профилактика нақты болуы тиіс.

Нақты сот процесінде кондоминиум объектілерін басқару органдарының басшылары заңнаманың теориялық ережелерін емес, меншік иелерінің ортақ мүлкіне заңсыз иелік етудің нақты құқықтық салдарын көре алды.

Мұндай тәсіл МИБ және ПИК төрағаларының құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді және сонымен бірге болашақта орын алуы мүмкін бұзушылықтардың алдын алады.

Прокуратура үшін мұндай жағдайлардың әрқайсысы бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін ғана емес, сонымен қатар азаматтардың ортақ мүлкін басқаруға жауапты барлық адам үшін сабақ болуы маңызды.

Жеке бұзушылық — жүйелік проблема

Бұл ретте Ақсай-1А ықшам ауданындағы жағдай анағұрлым кешенді тәсілді талап етті.

Талдау, әлеуметтік шиеленіс бір нақты фактіден қалыптаспағанын көрсетті. Тұрғындар өздерінің күнделікті өмірінің сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін бірқатар проблемалармен бір мезгілде бетпе-бет келді.

Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, жертөле үй-жайларында заңсыз хостелдердің жұмыс істеуі, санитарлық талаптардың бұзылуы, сондай-ақ коммуналдық желілерге өз бетімен қосылу фактілері анықталды.

Нәтижесінде 10 хостелдің қызметі тоқтатылды, 14 нұсқама енгізілді, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау желілеріне заңсыз қосылу тоқтатылды, ал есептеу құралдары белгіленген талаптарға сәйкестендірілді.

Осылайша, жұмыс жекелеген шағымдардың төңірегінде емес, тұрғындардың жылдар бойы наразылығын қалыптастырған себептерді кешенді жою төңірегінде құрылды.

Заңдылықтың өлшенетін нәтижесі болуы тиіс

Мұндай жұмыстың тиімділігі, қабылданған шаралардың санымен емес, адамдар үшін өзгергендігімен анықталуы тиіс.

Кешенді іс-шаралар іске асырылғаннан кейін шағын ауданда қылмыс деңгейі 50 %-ға, қоғамдық тәртіпке қарсы әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 70 %-ға төмендеді.

Нәтижесінде 15 мыңға жуық Ақсай-1А тұрғындарының құқықтары қорғалып, әлеуметтік шиеленіс ошағы жойылды.

Біз үшін бұл прокуратура жұмысының басты көрсеткіштерінің бірі.

Адам өз проблемасының назардан тыс қалмайтынын, мемлекеттің жағдайды түсінуге, бұзылған құқықты қалпына келтіруге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті екенін көргенде ғана заң мен мемлекеттік институттарға деген сенімі қалыптасады.

Шағын аудан тұрғындары атқарылған жұмыстың нәтижесіне оң баға беріп, бұзылған құқықтарын қалпына келтіргені үшін алғыстарын білдірді.

Реакциядан ескертуге

Ақсай-1А тәжірибесі, «Заң және Тәртіп» қағидаты нақты адамнан және оның күнделікті проблемаларынан басталатынын тағы да бір көрсетті.

Прокуратура жасалған құқық бұзушылықты ғана емес, оған әкеп соққан себептерді де көруі тиіс. Тек ден қоюмен шектелмей, алдын-алу да керек. Жауаптылыққа тартып қана қоймай, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру керек.

Бүгінде Алматының барлық ауданында әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және жою жұмыстары жалғасуда.

Біздің міндетіміз — заңның абстрактілі ұғым емес, адамды, оның отбасын, мүлкін және қауіпсіз өмірін қорғаудың нақты тетігі болуын қамтамасыз ету.

Заң мен тәртіп — әрбір адамның құқықтары мемлекеттің қорғауында болған жерден басталады.

Серік Кәріпбеков, Алматы қаласының прокуроры

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

Сот жүйесінің ашықтығы – соттардың өз қызметі туралы заңда...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Тіл — халықтың тарихи жадын сақтаушы құрал. Қазақтың мақал-мәтелдері,...

 Комплексный подход

СНИЖЕНИЕ УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ В СТРАНЕ ЯВЛЯЕТСЯ РЕЗУЛЬТАТОМ СИСТЕМНОЙ РАБОТЫ,...