№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Өтетілеуов Мақсұт, ҚАЖ департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі, әділет полковнигі Жоламанов С., сондай-ақ мекеме бастығы А. Әмірбек қатысты.
Жедел кеңестің күн тәртібінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және оған жол бермеу, сондай-ақ жеке құрам қызметкерлерінің жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Жиын барысында қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар қызметкерлердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы, көлік құралдарын басқару кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауы және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы шараларды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес барысында қоғамдық жұмыстарға және сайлау үдерісіне белсенді атсалысқан мекеменің 5 қызметкері ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Өтетілеуов Мақсұттың атынан грамотамен марапатталды.
Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...

Сотталған әйелдерге құқықтық қолдау көрсету және қайта әлеуметтендіру

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында әлеуметтік бейімдеу және...

КӨШПЕНДІЛЕР РУХЫ – СПОРТТА

Абай облысы бойынша орташа қауіпсіздік мекемесінде VI Дүниежүзілік көшпенділер...

Жеке сот орындаушыларының іс –әрекетін даулау

Талап қоюды беру тәртібі мен мерзімі Сот орындаушыларының әрекетін (әрекетсіздігін)...

Қазақстан мен Франция театр өнері, музей және архив ісі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Парижде Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ҚР Мәдениет және...