«Е-қызмет» – мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндігі

Мемлекеттік қызметке орналасу енді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі ашық болады! 2026 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметке қабылдау толықтай онлайн форматқа көшті Барлық рәсімдер «E-қызмет» жүйесінің eqyzmet.gov.kz порталы арқылы жүргізілуде.

Мемлекеттік қызметке үміткерлер:
✅ мемлекеттік тілді білу тестінен;
✅ заңнаманы білу тестінен;
✅ жеке қасиеттерін бағалау тестінен өтеді.

Заңнаманы білу тесті Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексібойынша жүргізіледі.

Жеке қасиеттерді бағалау кезінде кандидаттардың көшбасшылық қабілеті, стратегиялық ойлауы, нәтижеге бағытталуы, әлеуметтік және эмоционалдық интеллекті бағаланады. Тестілеу нәтижесі бойынша берілген сертификат 1 жылға жарамды. Ал жеке қасиеттерді бағалау тестін бір ай ішінде 3 ретке дейін тапсыруға болады.

Конкурсқа ең жоғары нәтиже көрсеткен үздік 5 кандидат жіберіледі. Құжаттарды тапсыру да жеңілдетілді. Кандидаттар өтінімді жеке кабинеті арқылы береді, ал қажетті құжаттарды eGovMobile және Kaspi.kz қосымшалары арқылы ұсынуға мүмкіндік бар.
Соңғы кезеңде:
🔹 басшылық лауазымдарға үміткерлер эссе жазып, онлайн әңгімелесуден өтеді;
🔹 басқа лауазымдарға кандидаттар практикалық тапсырмалар орындайды.
Барлық конкурс рәсімдері шамамен 5–7 жұмыс күні ішінде аяқталады. «Е-қызмет» жүйесі мемлекеттік қызметке іріктеуді жеңілдетіп, азаматтарға тең мүмкіндік беруге, ал мемлекеттік қызметке ең лайықты мамандарды таңдауға бағытталған

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

       Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап,...

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...