Құрылтай депутаттары қанша жалақы алады? 

Құрылтай депутаттарының жалақысы еңбек өтіліне қарай 600 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін жетеді. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева Құрылтайда өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазіргі депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жетеді. Егер депутаттың еңбек өтілі болса, оның жалақысы 1 миллион теңгеге жетеді», – деді Дания Еспаева.

Оның айтуынша, әдеп нормаларын бұзған депутаттың бір күндік жалақысы айлық мөлшеріне қарай есептеледі.

Яғни 600 мың теңге жалақы алатын депутаттың бір күндік еңбекақысы шамамен 29 мың теңге болса, 1 млн теңге алатын депутаттікі 48 мың теңгеге жуықтайды.

Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады: Жаңа регламентте не бар? 

Құрылтай отырысында Құрылтай депутаты Снежанна Имашева Құрылтай Регламентінің ұсынылып отырған жобасы туралы айтты.

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді 

Аталған турнирге 25 елден 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысады.

Қазақстанда жылжымайтын мүлік сату тәртібі өзгерді: Енді нотариусқа қатысты маңызды талап бар 

Елімізде жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді нотариаттық куәландыру тәртібі өзгерді.

Елімізде үйленетін жұптар некеге дейін арнаулы оқудан өте алады 

Үйлену тойына әдетте жан-жақты дайындалады, оның ішінде шығындарды есептейді, өтетін орынды таңдайды, қонақтардың тізімін жасайды. Ал тойдан кейін қалай өмір сүретіні туралы әңгіме кейінге қалып жатады. Ортақ қаржыны кім басқарады, үй шаруасындағы міндеттер қалай бөлінеді, екеуі де балалы болуға дайын ба?

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады 

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.