Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді 

7-10 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир – Денис Тен Мемориалы өтеді.

Аталған турнирге 25 елден 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысады.

Жарыс аясында жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда, сондай-ақ, мұздағы биде жүлделер сарапқа салынады. Байрақты бәсеке Halyk Arena мұз айдынында өтеді.

ҚР ҰОК мәліметінше, бұл турнир Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихында өшпес із қалдырған 2014-Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылады.

Қазақстанда жылжымайтын мүлік сату тәртібі өзгерді: Енді нотариусқа қатысты маңызды талап бар 

Елімізде жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді нотариаттық куәландыру тәртібі өзгерді.

Елімізде үйленетін жұптар некеге дейін арнаулы оқудан өте алады 

Үйлену тойына әдетте жан-жақты дайындалады, оның ішінде шығындарды есептейді, өтетін орынды таңдайды, қонақтардың тізімін жасайды. Ал тойдан кейін қалай өмір сүретіні туралы әңгіме кейінге қалып жатады. Ортақ қаржыны кім басқарады, үй шаруасындағы міндеттер қалай бөлінеді, екеуі де балалы болуға дайын ба?

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады 

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

2 млн теңгеге дейін жалақы: Елімізде кімдерге сұраныс жоғары? 

Қыркүйек айының басындағы жағдай бойынша Enbek.kz платформасында 105 907 өзекті бос жұмыс орны бар.

Жаңбыр, найзағай: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды 

Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.