Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған «Birge» атты мерекелік іс-шара өтті. Дәстүр бойынша шараға қаланың үш театр ұжымы: Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театры, Ф. М. Достоевский атындағы орыс драма театры және «Дариға-ай» жастар театры қатысты.

Іс-шара барысында көрермендерге өткен маусымдардағы спектакльдерден жаңаша өңделген үзінділер, әндер мен билерден тұратын жарқын концерттік бағдарлама ұсынылды. Абай атындағы театр биыл труппа құрамына қосылған жас әртістерін де көрермендерге таныстырып, олардың өнерін паш етті.

Кештің басты жаңалықтарының бірі — Ф. М. Достоевский атындағы орыс драма театрында өтетін жаңа қойылымдардың таныстырылуы болды. Көрермендерді А. С. Грибоедовтің «Ақылдың азабы» («Горе от ума») спектаклі, Санкт-Петербургтен келген режиссер София Капилевичтің қойылымы, Александр Суховтың авторлық «ГУАН FOREVER» трагифарсы, сондай-ақ Ильф пен Петровтың әйгілі «12 орындық» («12 стульев») авантюралық фарсы күтеді.

Мәдени-тәрбие жұмысы аясында Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты қауіпсіздігі төмен мекеме әкімшілігінің ұйымдастыруымен театр маусымының ашылуына 15 сотталғанның баруы ұйымдастырылды. Театрға бару сотталғандарға қаланың мәдени өміріне араласуға, дүниетанымын кеңейтуге, жағымды эмоциялар алуға және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік берді.

«Театр маусымының ашылуына қатысу маған өте қызықты болды. Әсіресе іс-шараның атмосферасы мен әртістердің өнері ұнады. Алдағы қойылымдар туралы білу де қызықты болды. Осындай іс-шаралар жаңа әсер алып, мәдениетке жақындауға мүмкіндік береді», — деді сотталғандардың бірі.

«Мәдени-тәрбие жұмысы сотталғандарды түзеу процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Біз олардың мәдени және ағартушылық іс-шараларға қатысуына мүмкіндік жасауға тырысамыз. Театрға бару олардың дүниетанымын кеңейтуге, рухани дамуына және өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді», — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Саржанов Арман.

Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады және олардың қоғамға бейімделуіне, сондай-ақ бостандыққа шыққаннан кейінгі әлеуметтік ортаға қайта оралуына ықпал етеді.

«Үміт – 2026»: шығармашылық арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...