Президент Қазақстан құрамасын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жетістігімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Президент спортшылардың жоғары нәтижеге табандылықтың, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына және ұлттық құраманың жетістігіне үлес қосқан барлық маманға ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай ерен жетістіктер Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретіндегі халықаралық беделін арттыра түседі.

Президент қазақстандық спортшыларға алдағы уақытта да ең беделді халықаралық жарыстарда биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді 

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан.

Алматы облысының әкімі тағайындалды 

Алматы облысының жаңа әкімі болып Шыңғыс Сайранұлы Әрінов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Укрепление многовекторного партнерства 

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ЗАСЕДАНИИ СОВЕТА ГЛАВ ГОСУДАРСТВ – ЧЛЕНОВ ШАНХАЙСКОЙ ОРГАНИЗАЦИИ СОТРУДНИЧЕСТВА, СОСТОЯВШЕМСЯ В КЫРГЫЗСТАНЕ. В СВОЕМ ВЫСТУПЛЕНИИ КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ОТМЕТИЛ ВАЖНОСТЬ ДАЛЬНЕЙШЕГО УКРЕПЛЕНИЯ ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ СТРАН ШОС В УСЛОВИЯХ МЕНЯЮЩЕЙСЯ МИРОВОЙ ОБСТАНОВКИ.

Велотректен 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын кімдер қорғайды? 

ХХ Азия ойындары аясында велотрек бәсекелері 29 қыркүйекте басталады.

Елімізде пойыз билеттерін сату тәртібі өзгеруі мүмкін 

Қазір Қазақстанда әйелдерге арналған арнайы вагондар бар.