Бітімге келу – ұтымды шешім

Қоғамда адамдар арасында әртүрлі себептерге байланысты дау-дамайлар мен келіспеушіліктер туындап жатады. Бір қарағанда шешімі қиын болып көрінетін даулардың барлығын сот арқылы шешу міндетті емес. Кей жағдайда тараптардың өзара түсіністік танытып, келісімге келуі – уақытты үнемдеп қана қоймай, екі жаққа да тиімді шешім қабылдаудың ең дұрыс жолы.

Бітімге келу – дауды бейбіт жолмен шешудің тиімді тәсілі. Оның басты мақсаты – тараптардың бірінің жеңіп, екіншісінің жеңілуі емес, екі тараптың да мүддесін ескеретін ортақ шешімге қол жеткізу. Мұндай жағдайда адамдар өзара келіссөз жүргізіп, бір-бірінің талаптары мен уәждерін тыңдап, даудың оңтайлы шешімін табуға мүмкіндік алады.

Бітімгершіліктің артықшылығы көп. Біріншіден, тараптар уақытын үнемдейді. Екіншіден, ұзаққа созылатын сот процестеріне байланысты қаржылық және моральдық шығындарды азайтуға болады. Үшіншіден, өзара келісім арқылы шешілген дау тараптардың кейінгі қарым-қатынасына да оң әсер етеді.

Әсіресе отбасылық, еңбек, көршілік және азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларда бітімге келудің маңызы зор. Себебі мұндай дауларда тараптар бір-бірімен алдағы уақытта да қарым-қатынас жасауы мүмкін. Сондықтан тек құқықтық мәселені шешіп қана қоймай, адамдар арасындағы сыйластық пен түсіністікті сақтап қалу да маңызды.

Қазақ халқы ежелден «Дау мұраты – бітім» деп, татулық пен келісімді жоғары бағалаған. Бұл сөздің бүгінгі қоғам үшін де маңызы ерекше. Өйткені кез келген даудың артында адамдардың тағдыры, отбасының тыныштығы, азаматтардың өзара қарым-қатынасы тұр.

Бітімге келу – әлсіздік емес, керісінше, өзара жауапкершілік пен парасаттылықтың белгісі. Тараптардың өзара ымыраға келуі олардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып жүзеге асырылған жағдайда, бұл – дауды шешудің өркениетті әрі тиімді жолы.

Қазіргі таңда сот жүйесінде дауларды татуластыру рәсімдеріне ерекше мән берілуде. Судьялар мен медиаторлардың тараптарға татуласудың мүмкіндіктерін түсіндіруі азаматтардың дауласудан гөрі келісімге келу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қорытындылай келе, бітімге келу – дауды тоқтатудың ғана емес, адамдар арасындағы татулықты сақтаудың ұтымды шешімі. Өзара түсіністік пен келісімге негізделген әрбір шешім қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайта түседі. Сондықтан дау туындаған кезде бірден қарсы тұруды емес, ең алдымен келісімге келудің жолын іздеу – өркениетті қоғамның маңызды қағидаларының бірі.

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Н.Нахипов

АДАЛ АЗАМАТ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Адалдық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Адал...

Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру – әділетті құқықтық жүйенің талабы

Кез келген құқықтық мемлекеттің беделі әділ заңдардың қабылдануымен немесе...

Молодой ученый ЕНУ получил жилищный сертификат в рамках государственной поддержки

Старший преподаватель кафедры биотехнологии и микробиологии Института естественных наук...

ЕҰУ-дың жас ғалымы мемлекеттік қолдау аясында пәтер сертификатына ие болды  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдары институтының...

Литературный мост между Казахстаном и Китаем

На полях 30-й Южнокитайской книжной выставки, прошедшей в Гуанчжоу,...