Бүгін жаңа оқу жылы басталды: Алғашқы қоңырау қалай өтеді? 

Бүгін Қазақстан мектептерінде 2026–2027 оқу жылы басталды. Биыл еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Жаңа оқу жылында білім беру мазмұнына бірқатар өзгеріс енгізіліп, мектептерде жаңа оқу курстары мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған жобалар іске қосылады.

1 қыркүйекте алғашқы қоңырау қалай өтеді?

Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде еліміздің барлық мектебінде бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі. Ал колледждерде кураторлық сағаттар ұйымдастырылады.

Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтқан болатын.

1 қыркүйекте еліміздің мектептерінде бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі. Ал колледждерде кураторлық сағаттар ұйымдастырылады, – деді Шынар Ақпарова.

Оның айтуынша, сынып сағаттары барлық сыныптарда өтеді. Әр іс-шараға шамамен 45 минут уақыт жоспарланған.

Биыл мектепке 4,1 млн оқушы барады

Қазіргі уақытта елімізде 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. Оның 5 мыңнан астамы ауылдық жерде орналасқан. Биыл мектептерде 4,1 млн оқушы білім алады.

Бірінші сыныпқа 380 мыңнан астам бала қабылданды. Сонымен қатар биыл 227 мың оқушы 11-сыныпқа көшті. Өткен оқу жылында 230 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау биыл «OQU» бірыңғай платформасы арқылы кезең-кезеңімен жүргізілді. Өтініштердің 88,7 пайыздан астамы электронды форматта қабылданды.

Мектеп бағдарламасына жаңа пәндер мен курстар енгізіледі

Жаңа оқу жылынан бастап білім беру мазмұны бірқатар міндетті оқу курстарымен толықтырылады.

Атап айтқанда, 5–7 сыныптарда «Конституция негіздері», 8–11 сыныптарда «Заң және Тәртіп», ал 5–11 сыныптарда «Жеке қауіпсіздік» міндетті оқу курстары енгізіледі.

Бұған дейін таңдау пәні ретінде оқытылып келген «Құқық негіздері» курсы барлық оқушы үшін міндетті пәнге айналады. Оның мазмұны Жаңа Конституция қағидаттарына сәйкестендірілді.

Сонымен қатар үлгілік оқу жоспарларының құрылымы оңтайландырылып, оқушылардың барлық оқу пәндеріне толық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қысқартылған үлгілік оқу жоспарлары алынып тасталды.

Жасанды интеллект мектептерге енгізіледі

Жаңа оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу.

Осы мақсатта «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінің атауы өзгертілді. Білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша 2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді.

1 қыркүйектен бастап Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 шағын жинақты мектепте жасанды интеллект технологияларын қолдануға арналған пилоттық жоба іске қосылады.

Жалпы пилоттық кезеңде жоба 500 шағын жинақты мектепті қамтиды. Ал 2029 жылға дейін оны еліміздегі 2 600 шағын жинақты мектепке дейін масштабтау жоспарланып отыр.

Мектептерде жаңа кабинеттер ашылады

Мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау жұмыстары да жалғасып жатыр. Жоспарланған 1 409 кабинеттің 1 007-сі, яғни 70 пайызы жеткізілді.

Сонымен қатар жалпы жобалық қуаты 117 мың оқушы орны болатын 178 мектепте күрделі жөндеу жүргізілуде. Оның 91-і ауылдық, 87-сі қалалық мектеп.

Қазір 59,3 мың оқушы орнына арналған 101 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 38,2 мың оқушы орнына арналған 72 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Колледждерде 133 мың студент қабылданады

Жаңа оқу жылында еліміздегі 763 колледжде 556 мың студент білім алады.

Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледждерге 133 мың студент қабылдау жоспарланған. Оның 70 пайызы техникалық бағыттар бойынша кадр даярлауға бағытталады.

Кәсіпорындардың өтінімдері негізінде кейін міндетті түрде жұмысқа орналастыруды көздейтін бағдарлама бойынша 10 мыңнан астам студент қабылданады.

Дуальды оқытумен қамтылған студенттер саны да артты. 2025 жылғы 91 мыңнан 2026 жылы 138,2 мың студентке дейін өсті. Бүгінде дуальды оқыту 552 колледжде 11 мыңнан астам кәсіпорынның қатысуымен жүзеге асырылуда.

Осылайша, жаңа оқу жылында қазақстандық мектептер мен колледждерде білім беру мазмұнын жаңартуға, цифрлық технологияларды енгізуге, оқушылардың қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға және техникалық мамандар даярлауды күшейтуге бағытталған өзгерістер іске асырылады.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.