Адамға бағдарланған мемлекет қағидаты халық мүддесіне қызмет ету арқылы әділ қоғам құру мақсатын көздейді. Бұл тұрғыда мемлекеттік қызметті дамыту, сондай-ақ, аппарат жұмысын білікті кадрлармен жандандыру жоғары маңызға ие. Жалпы алғанда мемлекеттік қызметті жаңғырту мемлекеттік қызметшілердің дүниетанымы мен жұмыс әдістерін өзгертуге бағытталған.
Осы ретте Мемлекеттік қызмет туралы заң толықтырылып, бюрократия мен сыбайлас жемқорлыққа, сондай-ақ, заң бұзушылықтарға төзбеушілік қағидаттары қалыптастырылуда. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырып, кәсіби дағдыларын дамыту бағытындағы мүмкіндіктер олардың кәсіби тұрғыда өсу механизмдеріне жол ашуда.
Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы мемлекеттік аппараттың жұмысын заман талабына сай жаңғыртып, оның тиімділігін арттыруға, халыққа сапалы қызмет көрсетуге бағытталған.
Тұжырымдама басты назарда адам болатын мемлекеттік қызметтің сервистік үлгісін құру мақсатында қолға алынды. Мысалы, клиентке бағдарлану, кәсібилендіру, бюрокартияны қысқарту, бұлардың қай-қайсысын алсақ та, басты орынға адамды қояды.
Бұдан әрі нақтыласақ, мемлекеттік органдардың жұмысын азаматтардың мүддесі мен сұранысына қарай бейімдеу, мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін арттыру және кадрлық әлеуетті күшейту, артық рәсімдерді жою арқылы шешім қабылдау процесін жеделдету.
Ел Президенті мемлекеттік қызметшінің сапасын бүкіл еліміздің сапасына теңеп, мемлекеттік қызметшілерді мемлекет пен халыққа адал қызмет етуге үндеді. Яғни, «Мемлекеттік қызмет – жеке бастың бақ-дәулетін арт¬тыратын жер емес. Бұл – туған хал¬қың¬ның алдында айрықша жауап¬кер¬шілік арқалау» деді. Осы теңеу мемлекеттік қызметтің мінсіздігі ондағы қызметшілерге тікелей байланысты екенін айқын аңғартады.
Ел алдындағы міндетіне адалдық танытатын мемлекеттік қызметшілер бюрократия мен сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. Олай дейтініміз, кәсіби болмыс мемлекеттік қызметке деген халықтың көзқарасы мен сеніміне әсер етпей қоймайды, сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметшіден білім-білік, мінез-құлықтарымен қоғамға үлгі болу талап етіледі.
Мысалы, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі оларды өз өкілет¬тік-терін орындауда аза¬мат¬тар үніне құлақ асуға, сол арқылы еститін мемлекет құруға үндейді. Осы кодекс әрбір қызметкердің мемлекеттік қызмет имиджіне нұқсан келтіруіне тыйым салады. Мемлекеттік қызметшілер азаматтарды әуре-сарсаңға салудан, жалған ақпараттар таратудан, қызметтерін пайдаланып, заңға қайшы әрекеттер жасаудан аулақ болса, мемлекеттік қызметтің сапасы күтілген нәтижеге жетеді.
Айнұр Қызылбаева,
Ақтау қалалық сотының төрағасы


