Сыбайлас жемқорлық — қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, мемлекеттік органдарға деген азаматтардың сенімін төмендететін келеңсіз құбылыс. Онымен күресу тек мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, бұл — бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ең алдымен заң талаптарын құрметтеуден, өз құқықтары мен міндеттерін білуден және қандай жағдайда да заңсыз әрекеттерге жол бермеуден басталады.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, қызметтік міндеттерін адал атқаруы, заңдылық пен ашықтық қағидаттарын ұстануы ерекше маңызға ие.
Сот жүйесінің басты міндеттерінің бірі — азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету және әділ сот төрелігін жүзеге асыру. Осы тұрғыдан алғанда, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттардың қызметінде де заңдылық пен әділдік қағидаттарының орны ерекше.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында әкімшілік істерді қарау барысында заң талаптарының сақталуына, процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуіне баса назар аударылады. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде бейтараптық, тәуелсіздік және әділдік қағидаттары қатаң сақталады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тек пара алу немесе пара бермеумен шектелмейді. Ол адамның күнделікті өміріндегі адалдығынан, жауапкершілігінен, қызметтік міндеттерін сапалы орындауынан және заңды құрметтеуінен көрінеді. Сондықтан қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру маңызды.
Әсіресе мемлекеттік қызметшілер үшін адалдық, әділдік, бейтараптық және халыққа қызмет ету қағидаттары басты құндылық болуы тиіс. Мемлекеттік қызметші өзінің әрбір әрекеті мемлекеттік органға деген азаматтардың сеніміне әсер ететінін түсінуі қажет.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда құқықтық сауаттылықтың да маңызы зор. Өз құқықтары мен міндеттерін білетін азамат заңсыз әрекеттерге қарсы тұра алады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға өз үлесін қосады. Осыған байланысты халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу — маңызды бағыттардың бірі.
Сот ұжымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, заң талаптарын мүлтіксіз орындау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселелеріне тұрақты түрде назар аударылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен азаматтық жауапкершілігін арттыру арқылы қалыптасады. Әрбір азамат заңды құрметтеп, өз міндетін адал орындап, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне немқұрайлы қарамаған жағдайда ғана әділетті әрі құқықтық мемлекет құруға мүмкіндік молаяды.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет — бір күнде қалыптасатын ұғым емес. Ол отбасынан, білім беру мен еңбек ортасынан басталып, қоғамның барлық саласында орнығуы қажет. Адалдықты өмірлік қағидаға айналдыру — әр адамның азаматтық борышы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адалдық пен жауапкершіліктен басталады. Ал адал қоғам – әділетті мемлекеттің берік негізі.
Қызылорда қаласының әкімшілік
құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған сотының
бас маманы – сот отырысының хатшысы
Кеулімжаева Надира


