ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

Жаңа оқу жылы басталар алдында Ішкі істер министрлігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтті. 2026 жыл ІІМ жүйесінде Балалар қауіпсіздігі жылы болып жарияланған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға бағынатын ұрпақ қалыптастырудың маңызын атап өткен болатын. Осыған байланысты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар мен отбасылардың мәселелерін дер кезінде анықтау және олармен жеке жұмыс жүргізуге басымдық беріліп отыр.

ІІМ-нің негізгі міндеті – мектептерде, көшелерде, қоғамдық орындарда және цифрлық кеңістікте балалар үшін барынша қауіпсіз орта қалыптастыру.

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған

Қазіргі уақытта Қазақстанда 7 656 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Оларда 283 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған.

Сонымен қатар 7 159 мектеп полицияның жедел басқару орталықтарына немесе ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне қосылған. Бұл жүйе мектеп аумағындағы жағдайды бақылаумен қатар, ықтимал қауіптерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Мектеп маңындағы жолдарға 9 мыңнан астам тексеру жүргізілді

Балалардың мектепке барар және үйге қайтар жолдағы қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылуда.

Жаңа оқу жылына дайындық барысында ІІМ білім беру нысандары маңындағы жол инфрақұрылымына 9 417 тексеру жүргізген. Нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде 4 070 ұйғарым берілді. Бүгінде олардың 3 440-ының орындалғаны туралы жауап алынған.

Мемлекеттік бақылау органдарының заңды талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы бойынша 11 әкімшілік хаттама толтырылды.

Білім беру ұйымдарының маңында 258 жаяу жүргіншілер өткелі жабдықталып, 1 429 жасанды жол кедергісі, 4 854 жол белгісі және 1 897 жарықтандыру нысаны орнатылды. Сондай-ақ 10 шақырымнан астам қоршау салынды.

ІІМ атап өткендей, бұл шаралардың негізгі мақсаты – баланың мектепке қауіпсіз жетіп, үйіне аман оралуын қамтамасыз ету.

Министрлік балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек полицияның міндеті емес екенін атап өтті. Бұл бағытта ата-аналар, педагогтар, мемлекеттік органдар мен қоғам бірлесе жұмыс істеуі қажет.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы басты міндет – әр баланың құқығы қорғалып, пікірі ескерілетін және мектепте, көшеде, отбасында әрі цифрлық кеңістікте қауіпсіз ортада өсуіне жағдай жасау.

Бүгін «Ұмай» басталады: Кім баспанаға өтініш бере алады? 

«Отбасы банк» әйелдерге арналған «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қыркүйек айында қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс күтіп тұр.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.