Төлем қабылеттілігін қалпына келтіру тиімді

Азаматтардың төлем қабылеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңмен бекітілген төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдері халық үшін өз пайдасын тиігізіп жатыр.  Сондықтан, мақалада төлем қабілеттілігін қалпына келтіру нормаларына тоқталғымыз келіп отыр.

Төлем қабылеттілігін қалпына келтіру туралы рәсім дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген, ай сайынғы тұрақты табыс көзі бар несиесін өтеуде уақытша қиындыққа тап болған азаматтарға қолданылады. Сонымен қатар, бұл ретте барлық қарыздың жалпы мөлшері борышкер мүлігінің құнынан аспауы шарт.

Қарызды қалпына келтіру жоспарына сәйкес, борышкерге несиеден бес жыл ішінде  құтылу міндеті жүктеледі. Бұл рәсім төлем қабылеттілігі бар азаматтар үшін өте тиімді. Өйткені, олар несие берушілердің немесе соттың шешімімен қарыздан құтылу, яғни, оны жағдайына қарай бөліп төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын бес жылға жеткізбей, яғни, мерзімінен бұрын орындау мүмкіндігі заңмен қарастырылған. Мұндай жоспар борышкердің мүмкіндіктері ескеріле отырып қаржы басқарушысымен бірге дайындалады оны сот бекітеді.

Заңмен белгіленген шарттарға сай келетін, яғни, барлық міндеттемелерінің мөлшері өзіне тиесілі мүліктің құнынан аспайтын, тұрақты табысы бар борышкер төлем қабылеттілігін қалпына келтіру туралы арызбен  өзінің тұрғылықты жеріндегі сотқа жүгіне алады.

Азаматтардың төлем қабылеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңның 28-бабымен нақтыланғандай, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы шешім  осы заңның 24-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы басқарушысының қорытындысы ескеріле отырып қабылданады.

  Бұл рәсімнің басты артықшылығы, борышкер банкрот мәртебесін алмайды. Нәтижесінде оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілген жағдайдағы салдарлар осы заңның 31-бабында көрсетілген.

Егер борышкер жоспарда көзделген шарттарды орындай алмаса, орындау мерзімі өтісімен бір айдан кешіктірмей, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін тоқтату және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішхатпен сотқа міндетті түрде жүгінуі тиіс.

Айжан Устенова,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Новый виток в современном развитии государственности Казахстана

Выступление Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева на открытии первой...

Cыбайлас жемқорлық қарсы мәдениет

         Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына,  мемлекеттік басқарудың...

Әдеп нормаларын сақтау

Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы жауапкершілігінің...

Зияткерлік меншікті қорғау: құқықтық мәдениет және азаматтардың жауапкершілігі

Қазіргі қоғамда білім, идеялар мен шығармашылық шешімдер экономиканың және...

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»

Қазақстан Жазушылар одағында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті...