Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына, мемлекеттік басқарудың тиімділігіне және азаматтардың мемлекетке деген сеніміне кері әсер ететін маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан, онымен күресу – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамдық міндеті.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп сақтауы, заң талаптарының орындауы, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы – сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудың негізгі тетіктерінің бірі.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда ашықтық пен жариялылықтың маңызы зор. Мемлекеттік шешімдердің ашық қабылдануы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің цифрландырылуы және азаматтардың өтініштерін қарау рәсімдерінің жетілдірілуі жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Әрбір мемлекеттік қызметші өз міндеттерін адал, әрі жауапкершілікпен атқаруы тиіс. Қызметтік өкілеттіктерді жеке пайдасына пайдалынуға, заңсыз сыйақы алуға немесе азаматтарға заңсыз артықшылық беруге жол берілмеуі керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет — ең алдымен отбасы мен қоғамда қалыптасады. Жастарға адалдық, әділдік, жауапкершілік және заңды құрметтеу құндылықтарын үйрету – болашақ ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықпен күрес – бір күндік науқан емес, үздіксіз жүргізілетін маңызды жұмыс. Әр азамат заң талаптарын сақтап, жемқорлыққа төзбеушілік танытса, қоғамда әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға мүмкіндік артады.
Адалдық пен әділдік – қоғамның берік негізі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.


