Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы жауапкершілігінің қоғам алдындағы жауапкершілігінің бір көрінісі. Мемлекеттік қызметші өз қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы орындап, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуі тиіс.
Мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқынан қарапайымдылық, сыпайлылық, ұстамдылылық және жауапкершілік байқалуы қажет. Азаматтармен қарым-қатынас барысында олардың әлеуметтік жағдайына, қызметіне немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, барлығына бірдей құрметпен қарау – кәсіби әдептің басты талаптарының бірі.
Қызметтік әдептің маңызы қағидаларының бірі – мүдделер қақтығысына жол бермеу. Мемлекеттік қызметші өзінің қызметтік өкілеттіліктерін жеке басының немесе жақын адамдарының пайдасына пайдаланбауы керек. Сонымен қатар, әдеп нормаларын сақтау – тек белгіленген талаптарды орындау емес, ол мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға бағытталған кәсіби мәдениеттің маңызды бөлігі. Әрбір қызметші өз қызметімен азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға үлес қоса алады.
Қорытындылай келе, әдептілік, адалдық, әділдік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметшінің негізгі құндылықтары. Осы қағидаларды күнделікті қызметте ұстану арқылы біз мемлекеттік қызметтің сапасы мен беделін арттырып, қоғамның мемлекеттк органдарға деген сенімін нығайта аламыз.
Әдеп нормаларын сақтау – әрбір мемлекеттік қызметшінің, кәсіби қызметшінің кәсіби парызы.


