Алматыдағы Саин көшесіндегі арнайы жолақ алынып тасталатын болды 

Алматыда Саин көшесіндегі арнайы жолақтың пилоттық жобасы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша қала қоғамдық көлікке басымдық берудің тиімділігін растап, арнайы жолақтарды одан әрі дамытудың форматын – бірыңғай кешенді схема аясында жүзеге асыруды айқындады. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.

Саин көшесіндегі арнайы жолақ қаланың ең көп көлік жүретін магистральдарының бірінде қоғамдық көлікке басымдық берудің тиімділігін бағалау мақсатында пилоттық режимде ұйымдастырылған болатын.

Мониторинг нәтижесі арнайы жолақ енгізілгеннен кейін қоғамдық көлік жұмысының негізгі көрсеткіштерінде оң динамика байқалғанын көрсетті.

Әсіресе, қарбалас уақытта айқын нәтиже тіркелді. Таңғы қарбалас уақытта қоғамдық көліктің жол учаскелеріндегі қозғалыс жылдамдығы 26,2 км/сағ-тан 31,8 км/сағ-қа дейін, яғни 21,37%-ға артты. Кешкі қарбалас уақытта орташа жылдамдық 25 км/сағ-тан 30,4 км/сағ-қа дейін өсіп, 21,6%-ға артты.

Сонымен қатар қоғамдық көлік қозғалысының тұрақтылығы жақсарды. Бір күн ішіндегі орташа қозғалыс аралығы 13,6 минуттан 12 минутқа дейін, яғни шамамен 12%-ға қысқарды. Ал таңғы қарбалас уақытта бұл көрсеткіш 13,6 минуттан 11,6 минутқа дейін немесе 14,7%-ға төмендеді.

Жолаушылар санында да оң динамика байқалды: тәулігіне тасымалданатын жолаушылар саны 42 396-дан 44 515-ке дейін немесе 5%-ға артты.

Қозғалыс жылдамдығы мен тұрақтылығының жақсаруымен қатар жолаушылар санының өсуі осы бағыттағы қоғамдық көлікке сұраныстың артқанын көрсетеді.

Осылайша, пилоттық жобаның нәтижесі арнайы жолақтың, әсіресе қарбалас уақытта, қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы мен тұрақтылығын арттырудың тиімді құралы екенін растады.

Сонымен бірге пилоттық жоба арнайы жолақтарды жекелеген учаске ретінде емес, қаланың негізгі магистральдарында қоғамдық көлікке басымдық беретін өзара байланысқан жүйе ретінде одан әрі дамыту қажеттігін көрсетті.

Осыған байланысты Саин көшесі әл-Фараби даңғылы – Саин көшесі – Рысқұлов даңғылы – Шығыс айналма жолы бағыттары бойынша өтетін айналма маршрутты қамтитын кешенді схеманың бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр. Бұл бағытта қоғамдық көлікке басымдық беріледі.

2026 жылы 31 тамыздан бастап Саин көшесіндегі арнайы жолақ алынып тасталады. Бұл пилоттық форматтан келесі кезеңге – жол желісінің басқа учаскелерін және кешенді схеманы іске асыруға қажетті нормативтік жағдайларды дайындауға көшуге байланысты.

Ол үшін жол желісінің басқа учаскелерін кезең-кезеңімен дайындап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы қолданыстағы стандарттары мен нормативтік құжаттарына қажетті өзгерістер енгізу қажет.

Қажетті нормативтік шешімдер қабылданып, тиісті инфрақұрылым дайындалғаннан кейін Саин көшесіндегі басымдықпен қозғалысты қаланың негізгі магистральдарындағы арнайы жолақтардың өзара үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін кешенді схема аясында қайта іске асыру жоспарланып отыр.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.