«Әні барда – өзі бар» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды

ҚР ІІМ ҚАЖК 79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында қазақ музыка өнерінің көрнекті композиторы, «вальс королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттауға арналған «Әні барда – өзі бар» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Шара ашық аспан астында өткізілді. Кеш барысында сотталған азаматшалар композитордың көпшілікке танымал әндерін жанды дауыста орындап, музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Атап айтқанда, домбыра мен гитарада сүйемелдеп, Шәмші Қалдаяқовтың сырлы да әуезді әндерін шырқады.
Кеш бағдарламасында ән орындаумен қатар, қазақтың ұлттық өнерін дәріптейтін би қойылымдары да ұсынылып, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен өнер көрсетті. Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр», «Арыс жағасында», «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Қуаныш вальсі» сынды ел жүрегінен орын алған әндері орындалды.
Музыкалық кештің басты мақсаты – сотталған азаматшалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, қазақ музыкасының көрнекті тұлғасы Шәмші Қалдаяқовтың мол мұрасын дәріптеу және өнер арқылы жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Шара барысында қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, белсенділік танытты. Ән мен күй, би мен әуезді музыка үйлесім тапқан кеш әсерлі өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Осындай мәдени-шығармашылық іс-шаралар сотталған азаматшалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың өнерге, ұлттық құндылықтарға және шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Абай облысында рақымшылық бойынша босатылған сотталған азаматты туған бауыры қарсы алды

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...