Қазақстанға тұрақты тұруға келетіндер саны азайған 

Ішкі істер министрлігі елдегі көші-қон жағдайы туралы деректерді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ведомствоның редакцияға берген ресми мәліметінше, соңғы бір жыл ішінде елімізге тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарының саны едәуір төмендеген. Егер өткен жылы Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер саны 21 мың адам болса, биыл бұл көрсеткіш 9 мыңға дейін азайған. Осылайша, тұрақты тұруға келген шетелдіктер саны бір жылда 57 пайызға қысқарған.

ІІМ дерегіне сәйкес, Қазақстанға тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарының басым бөлігі көршілес мемлекеттердің тұрғындары. Атап айтқанда, олардың арасында Ресей, Өзбекстан және Қытай азаматтары көп.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі Қазақстан аумағында еңбек заңнамасын бұзған шетел азаматтарына қатысты жүргізіліп жатқан бақылау шаралары туралы да мәлімет берді.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері елімізде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 12 021 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заң талаптарын сақтамай пайдаланған 2 730 жұмыс беруші де жауапқа тартылды.

Айта кетейік, Қазақстанда шетел азаматтарының ел аумағында болуы, жұмысқа орналасуы және тұрақты тұруға рұқсат алуы көші-қон заңнамасымен реттеледі. Заң талаптарын бұзған азаматтар мен жұмыс берушілерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.