Алматы қаласы Жетісу ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі ақпараты

Жетісу ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады. Тұжырымдама мен жоспардың орындалуы туралы ақпарат бекітілген мерзімдерге сәйкес Алматы қаласы әкімінің аппаратына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолданады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары  «Алматы қаласы Жетісу ауданыны әкімінің аппараты» КММ-де бекітілген, оның орындалуы тұрақты бақылауда.

Бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін орындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шаралары жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Аудан әкімінің ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» атты арнайы бөлім құрылып, жұмыс жүргізілуде. Аталған бөлімде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы, мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі, жоспарлардың орындалуы туралы ақпарат, ВАКР, Жол картасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қатысты өзге де ақпараттар орналастырылған.

2020 жылғы 9 шілдеден бастап аппарат кестесіне аудан  әкімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі  штаттан тыс кеңесшісі лауазымы енгізілді.

Жетісу ауданы әкімінің аппаратында «Адал көмек» акцисы шеңберінде «Адалдық алаңы» кеңістігінде  заңгерлік кеңестер беру тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында 2020 жылғы мамыр айында «Ашық әкімдік» кабинеті ашылды. «Ашық әкімдік» жаңа форматтағы қабылдау бөлмесі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. 

Жедел желі телефоны: 338-32-62. Күн сайын орта есеппен 20-ға жуық азамат қабылданады. Азаматтарды қабылдау барысы және көрсетілген қызметтер туралы ақпарат әлеуметтік желідегі «Instagram» парақшасында тұрақты түрде жарияланып отырады. «Ашық әкімдік» фронт-офисі ашылған сәттен бастап 7000-ға жуық тұрғынды қабылдады. Оның ішінде азаматтардың 87%-ының мәселелері оң шешімін тапты.

Қабылданған азаматтар саны жылдар бойынша:2020 жылы — 1300 тұрғын, 2021 жылы — 1181 тұрғын, 2022 жылы — 1912 тұрғын, 2023 жылы — 976 тұрғын, 2024 жылы — 735 тұрғын, 2025 жылы — 742 тұрғын, 2026 жылы — 756 тұрғын.

2025 жылы ауданның барлық қызметтерімен бірлесіп 180-нен астам іс-шара өткізілді.

Жетісу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде төмендегідей жұмыстар жүргізілуде:

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу;

— мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;

— сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу;

— қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру;

— мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету;

— сыбайлас жемқорлықтың ықтимал көріністеріне байланысты азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау;

— сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша шаралар қабылдау;

— мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу талаптарын сақтау;

— сыйлықтар, шектеулер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада белгіленген өзге де талаптар мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер және ақпараттық — түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды.

2026 жыл ішінде Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы ауданның барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдармен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізді.

Тоқсан сайын аудан активінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлерін шақыра отырып, семинар — кеңестер өткізіледі

Бірінші жартыжылдықтың қортындысы бойынша аппарат қызметкерлерінің жеке істеріне талдау жүргізілді. Аудан әкімі аппаратының барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы еспке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық сервис» базасы арқылы тексерілді. Мемлекеттік қызметшілер арасында соттылығы бар тұлғалар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан әкімі аппаратының ұжымымен көлік құралдарын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқаруға жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік қызметпен айналысуына жол бермеу, кірістер мен мүлкі туралы жыл сайынғы декларацияны уақтылы тапсыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары мен әңгімелесулер жүргізіледі.  Сонымен қатар, барлық қызметкерлерге жол берілген құқық бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.

Қазіргі уақытқа дейін аудан әкімі аппаратының ұжымымен және Жетісу ауданының аудандық қызметтерімен, кәсіпорындары және мекемелерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзуына жол бермеу мақсатында 20 дан астам профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

Жетісу ауданының әкімі Жылқыбаева Лаззат

Жастарға мемлекеттік қызметке жол ашылды

Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесінде әділ әрі ашық кадрлық саясатты...

СОСТОЯЛОСЬ ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

🔹В ходе заседания рассмотрены результаты деятельности дисциплинарных комиссий государственных...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

🔹Отырыс барысында Қарағанды облысы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының 2026...

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Орталық Азия экономикасының жалпы көлемі жарты триллион доллардан асты....

«Каждая минута важна: как в Алматинской области оказывают медицинскую помощь матерям и детям в сложных случаях?»

Осложнения на последних сроках беременности, преждевременные роды или состояние,...