Жастарға мемлекеттік қызметке жол ашылды

Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесінде әділ әрі ашық кадрлық саясатты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның ішінде жастарды мемлекеттік қызметке тарту, олардың кәсіби әлеуетін дамыту және мансаптық өсуіне мүмкіндік беру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.

Мақсат – білімді, бастамашыл және жауапкершілігі жоғары жастардың мемлекеттік басқару жүйесіне келуіне жағдай жасау. Осыған байланысты болашақ мемлекеттік қызметшілерді даярлау мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарына дейін жалғасады. Бұл кезеңде жастар мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері, басқару мәдениеті, кәсіби әдебі және жауапкершілік қағидаттарымен танысады.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңында мемлекеттік қызметке кадр даярлаудың жаңа тетіктері қарастырылған. Заң азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне қажетті кәсіби және жеке құзыреттерін дамытуға бағытталған білім беру және тәрбие жұмыстарының кешенін қамтиды.

Жаңа заңның басты жаңалықтарының бірі – ерте кәсіптік бағдарлау жүйесінің енгізілуі. Оның аясында жастар төменгі және басшылық лауазымдарға алдын ала даярланады.

Төменгі лауазымдарға арналған  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының даярлық бағдарламасына бакалавриатқа қабылданған азаматтар  қатыса алады. Бағдарламаны сәтті аяқтаған түлектер оқуын бітіргеннен кейін екі жыл ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімімен жергілікті атқарушы органдардағы төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурссыз орналаса алады.

Мемлекеттік қызметке даярлау тек бастапқы деңгейдегі лауазымдармен шектелмей, басқарушылық буын үшін де арнайы білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Басшылық лауазымдарға даярлау Президент жанындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарында магистратура бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламаны аяқтаған азаматтар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардағы басшылық лауазымдарға конкурссыз тағайындала алады.

Конкурссыз жұмысқа қабылданған жас мамандар алған білімін тәжірибеде қолдану үшін мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл еңбек етуі тиіс.

Сонымен қатар, жоғары оқу орнын аяқтаған түлектерге де тағы да қосымша мүмкіндік берілді. Енді олар диплом алған күннен бастап бір жыл ішінде мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымдарына конкурссыз орналасуға құқылы. Бұрын мұндай мүмкіндік тек мемлекеттік білім гранты иегерлеріне ғана берілсе, енді ол барлық түлектерге, оның ішінде ақылы бөлімде білім алған жастарға да қолжетімді. Бұл үшін түлектің орташа үлгерім көрсеткіші (GPA) 3,33-тен төмен болмауы тиіс.

Жаңашылдықтар Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне де қатысты. Академияда өз қаражаты есебінен білім алған түлектер де конкурссыз тағайындалу мүмкіндігіне ие болды. Олар бұл құқықты диплом алғаннан кейін екі жыл ішінде пайдалана алады.

Сонымен қатар, Президенттік жастар кадр резерві мен Өңірлік кадр резервіне іріктеуден өткен азаматтар да уәкілетті органның келісімімен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурссыз орналаса алады.

Жастарға  мұндай мүмкіндіктер беру – мемлекеттік қызметке қабілетті әрі білікті мамандарды тартуға бағытталған маңызды қадам. Кәсіби, білімді және белсенді жастарды қолдау мемлекеттік басқару сапасын арттырып қана қоймай, елдің тұрақты дамуына да оң ықпал етеді.

Б.Макеев,

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары,

Әдеп кеңесі хатшылығының меңгерушісі

Алматы қаласы Жетісу ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі ақпараты

Жетісу ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан...

СОСТОЯЛОСЬ ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

🔹В ходе заседания рассмотрены результаты деятельности дисциплинарных комиссий государственных...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

🔹Отырыс барысында Қарағанды облысы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының 2026...

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Орталық Азия экономикасының жалпы көлемі жарты триллион доллардан асты....

«Каждая минута важна: как в Алматинской области оказывают медицинскую помощь матерям и детям в сложных случаях?»

Осложнения на последних сроках беременности, преждевременные роды или состояние,...