Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өсті: ХЕҰ негізгі себептерді атады 

Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өсіп келеді. Бұған экономикалық өсімнің баяулауы, геосаяси шиеленістер және жаңа жұмыс орындарының жеткіліксіз құрылуы әсер етіп отыр. Сонымен қатар жасанды интеллектінің еңбек нарығына ықпалы жастар үшін қосымша қауіп тудыруы мүмкін. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жаңа есебінде айтылған.

ХЕҰ мәліметінше, 2025 жылы 15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 12,4%-ға жеткен. Бұл – шамамен 67 млн адам. 2023 жылы көрсеткіш 12,3% болған.

Reuters-тің хабарлауынша, жастардың еңбек, білім немесе кәсіптік оқыту салаларына қатыспайтын үлесі де артқан. 2025 жылы NEET санатына жататын жастардың үлесі 20%-ға жетіп, олардың жалпы саны 257 млн адамнан асты.

Ұйымның бағалауынша, 2023-2025 жылдары жастар арасындағы жұмыссыздық әлемнің 11 субаймағының сегізінде өскен. Ең жоғары көрсеткіш араб мемлекеттерінде — 26,2%, Солтүстік Африкада – 22,6% болды.

Солтүстік Америкада жастар арасындағы жұмыссыздық 2023 жылғы 8,3%-дан 2025 жылы 9,8%-ға дейін өскен. Солтүстік, Оңтүстік және Батыс Еуропада бұл көрсеткіш 15% деңгейінде қалыптасты.

Орта білікті жұмыс орындары қысқарып келеді

ХЕҰ жастар үшін еңбек нарығына шығудың дәстүрлі жолы саналатын орта біліктілікті талап ететін жұмыс орындарының қысқарып жатқанына назар аударды. Олардың қатарына іс жүргізу, басқару, сату және өндіріс салаларындағы бірқатар қызметтер жатады.

Ұйымның пікірінше, мұндай жұмыс орындарының азаюы орта білімі бар жастар арасында жұмысқа орналасу үшін бәсекені күшейтіп, жұмыссыздықтың өсуіне әкелуі мүмкін.

Жасанды интеллектінің әсері қандай?

ХЕҰ жасанды интеллектінің еңбек нарығына ықпалы жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін одан әрі күрделендіруі мүмкін екенін ескертті.

Ұйымның бағалауынша, қазіргі уақытта 15-29 жас аралығындағы жастар атқаратын жұмыс орындарының 6,1%-ы жасанды интеллект енгізілуіне байланысты өзгерістерге бейім мамандықтарға жатады.

Егер осы жұмыс орындарының кемінде 10%-ы жойылса, шамамен 5,6 млн жас маман жұмыссыз қалуы, кәсібін ауыстыруы немесе еңбек нарығынан шығуы мүмкін. Бұл қауіп әсіресе табысы жоғары елдерде байқалуы ықтимал.

Сонымен қатар ХЕҰ ғылым, инженерия, денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар сияқты жоғары білікті салаларда жұмыс орындарының саны өсіп келе жатқанын атап өтті.

Дамушы елдердегі жағдай күрделірек. Табысы төмен және ортадан төмен елдерде жұмыс істейтін жастардың шамамен он адамның тоғызы тиісті еңбек және әлеуметтік қорғау тетіктері жоқ бейресми секторда еңбек етеді.

ХЕҰ ұзақ мерзімде жасанды интеллектінің еңбек нарығына әсері қандай болатыны әлі белгісіз екенін атап өтіп, жастарды жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу үшін еңбек нарығындағы өзгерістерге назар аударудың маңызын көрсетеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.