АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ КІТАПТЕРАПИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 мекемеде Абай күніне орай сотталғандар арасында кітаптерапиялық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар ұлы ақынның «Қыс», «Күз», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін мәнерлеп айтып, Абайдың шығармашылығы мен тағылымды ойларын талқылады.

Сондай-ақ, сотталғандар ақынның «Бес асыл ісін» – талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым және «Бес дұшпанын» – өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақты атап өтті.

Іс-шараға арнайы қонақ ретінде «Қазақия» қоғамдық қорының жетекшісі Әбіш Жанар Төрениязқызы қатысып, Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды ақпаратпен бөлісті. Қонағымыз ақынның рухани мұрасы мен адамгершілік қағидаларына тоқталып, қатысушылардың Абай тұлғасы жөніндегі білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, өз ой-пікірлерін ортаға салып, тағылымды әңгімесімен іс-шараның мазмұнын аша түсті.

Абай мұрасы – адамды ізгілікке, білімге және еңбекке үндейтін мәңгілік құндылық.

https://www.instagram.com/reels/Dbv3vmwur1L

Атырау облысы бойынша ҚАЖД √15 мекемесінің аға инспекторы, психологы, әдiлет майоры

Максимова Шынаргүл Ыстыбайқызы.

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...