Дрондар жол ережесін бұзғандарды анықтайды: Қазақстан жолдарында бақылау күшейтілді 

Қазақстанда жол қауіпсіздігін цифрлық технологиялар арқылы бақылау күшейтілді.

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бағланбек Айтпаевтың айтуынша, полиция:

  • дрондарды;
  • патрульдік көліктердегі мобильді кешендерді;
  • орташа жылдамдықты бақылау жүйелерін;
  • лазерлік қондырғыларды пайдаланады.

Оның айтуынша, цифрлық шешімдер жол ережесін бұзу деректерін анықтап қана қоймай, қауіпті жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Жылдамдықты жақсы көретіндер, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатындар енді жауапкершіліктен жалтара алмайды. Өйткені жол ережесін бұзу деректері әуеден тіркеліп жатыр, – деді Айтпаев.

Дрондар жолдағы жағдайды әуеден бақылап, полицияға құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге көмектеседі. ІІМ атап өткендей, мұндай жүйенің басты міндеті – тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту ғана емес, жол апаттарының алдын алу.

Тағы бір құрал – патрульдік көліктерге орнатылған мобильді кешендер. Олар көлік ағынының ішінде жүріп-ақ жүргізушінің рөлде телефон пайдалануын, жаяу жүргіншілерге жол бермеуін, жылдамдықты асыруын және маневр жасау ережелерін бұзуын тіркеуге мүмкіндік береді.

Қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдықты бақылау үшін орташа жылдамдықты анықтау жүйесі қолданылады. Ол көліктің белгіленген нүктелер арасындағы қозғалысын талдайды. Қазір мұндай жүйе республикалық маңызы бар 12 негізгі бағытта жұмыс істейді.

Түнгі уақыт пен күрделі ауа райы жағдайларына да ерекше назар аударылады. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін полиция лазерлік жүйелерді пайдаланады. Олар қауіпті жағдайларды, соның ішінде жүргізушілердің шаршауына байланысты туындайтын қауіптерді анықтауға көмектеседі.

Сонымен қатар жолдың жекелеген учаскелерінде жолдың жүру бөлігін жасанды түрде тарылту тәсілі қолданылады. Мұндай шара жүргізушілерді жылдамдықты төмендетіп, жолға мұқият болуға ынталандыруға бағытталған.

Бұл шаралардың барлығы азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ жолдардағы апат санын азайтуға бағытталған, – деді Бағланбек Айтпаев.

ІІМ өкілдері цифрлық бақылауды дамыту жолдарды жүргізушілер үшін де, жолаушылар үшін де қауіпсіз етуге тиіс екенін атап өтті.

Президент кәсіби спортшы Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады 

Мемлекет басшысы кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан экономикасы жеті айда 4,1%-ға өсті 

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр.

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін 

Синоптиктердің айтуынша, ауадағы ластану деңгейіне жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температура сияқты факторлар әсер етеді.

Мектеп оқушылары қашан және қанша күн демалады? – Оқу жылының жаңа кестесі жарияланды 

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылының, мектеп демалыстарының және қорытынды аттестаттаудың...

Мемлекет басшысы: Абай мұрасы – шынайы патриотизмнің қайнар көзі 

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Абай күні еліміздегі ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанына да тоқталды.