Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін 

11 тамызда Алматы, Ақтөбе және Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желдің болмауы немесе әлсіз соғуы, тұман, температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді факторлардың үйлесуі. Мұндай кезде зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналып, елді мекендердегі ауа сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Синоптиктердің айтуынша, ауадағы ластану деңгейіне жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температура сияқты факторлар әсер етеді.

ҚМЖ кезінде мамандар:

  • ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздеріне жақын жерде болу уақытын қысқартуды;
  • балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ уақыт серуендеуден бас тартуды;
  • өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруді;
  • ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеуді ұсынады.

Спортпен және дене шынықтырумен айналысатындарға жаттығуды жабық спорт кешендерінде өткізуге кеңес берілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.