Мектеп оқушылары қашан және қанша күн демалады? – Оқу жылының жаңа кестесі жарияланды 

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылының, мектеп демалыстарының және қорытынды аттестаттаудың мерзімдері белгіленді. Оқу жылы 2026 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2027 жылдың 25 мамырында аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірінші тоқсан сегіз аптаға созылады. Күзгі демалыс 26 қазанда басталып, 1 қарашада аяқталады. Оқушылар жеті күнтізбелік күн демалады.

Екінші тоқсан да сегіз оқу аптасына есептелген. Ересектер мен балаларға қиын болмас үшін қысқы демалыс екі аптаға созылады. Яғни 2026 жылдың 28 желтоқсанынан 2027 жылдың 10 қаңтарын қоса алғандағы аралықты қамтиды.

Үшінші тоқсан ең ұзақ тоқсан болады. Ол он оқу аптасын алады. Көктемгі демалыс 22-28 наурыз аралығына жоспарланған.

Бірінші сынып оқушылары қосымша тағы бір апта демалады. Олар үшін қосымша демалыс 2027 жылдың 8-14 ақпаны аралығында өтеді.

Төртінші тоқсан сегіз аптаға созылады.

Бітіру емтихандары қашан болады?

9 және 10-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2027 жылдың 31 мамыры мен 11 маусымы аралығында өтеді.

31 мамырда оқушылар математика немесе алгебрадан емтихан жазады.

3 маусымда таңдау пәні бойынша емтихан өтеді. Тізімге физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілдері және информатика кіреді.

7 маусымда оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан өтеді. Бірқатар мектептер үшін ол эссе нысанында өтсе, гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқитын оқушылар үшін мақала, әңгіме немесе эссе қарастырылған.

11 маусымда орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптар үшін қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан белгіленген. Қазақ тілінде оқытатын сыныптарда бұл күні орыс тілі мен әдебиетінен емтихан өтеді.

11 және 12-сынып түлектері үшін емтихандар 17 маусымға дейін созылады

Түлектер үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау 1 маусымда басталып, 17 маусымда аяқталады.

1 маусымда Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан өтеді.

4 маусымда түлектер алгебра және анализ бастамаларынан емтихан жазады.

9 маусымда оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан өтеді.

14 маусымда оқушылар таңдау пәнін тапсырады. Нұсқалар арасында физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі және информатика бар.

Соңғы емтихан 17 маусымға белгіленген. Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептер мен сыныптар үшін бұл қазақ тілі мен әдебиеті болады. Қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін – орыс тілі мен әдебиеті.

Белгіленген мерзімдер меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарына қолданылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.