Нұрай Серікбайдың отбасы күдіктіден 10 млрд теңге талап етті: Ағасы себебін түсіндірді 

Шымкентте пышақ жарақатынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың отбасы күдіктіден моральдық шығын ретінде 10 млрд теңге талап етті. Нұрайдың ағасы Сұлтан неліктен дәл осы сомманы талап етіп отырғандарын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сұлтанның сөзінше, бұл мәселеде екі тармақ бар, біріншісі — заң тұрғысында, екіншісі — моральдың тұрғыда. 

Заң бойынша қарастырар болсақ, күдікті осы шығындарды өтемей жатып ешқашан мерзімінен бұрын шыға алмайды және жазасын жеңілдететін нәрселермен айналыса алмайды. Яғни өмір бойы осы соманы төлеп өтетіндей болуы керек. Сот қандай сома бекітетінін өзі шешеді. Сондықтан шешім соттың өзінде қалатын болады, — дейді Нұрайдың ағасы. 

Ол жәбірленуші тарап қандай сома талап ететінін өзі шешетінін атап өтті. 

Сондықтан біз өзіміз дұрыс деп қабылдаған соманы бекіттік. Ал моральдық тұрғыда келер болсақ, әлемнің бүкіл ақшасын жинасақ та Нұрайдың құнын бізге өтеп бере алмайды. Себебі біз үшін адамның өмірі ақшамен есептелмейді. Егер біз Нұрайдың жоқтығымен сыналатын болсақ, сотталушы тарап ақшамен сыналсын, — дейді ол.

Сұлтан күдіктіден моральдық шығын өтелген жағдайда қаржы қайырымдылыққа, оның ішінде, сталкингтен зардап шеккен қыздарға, көмекке мұқтаж жандарға жұмсалатынын айтты. 

Еске салайық, 2026 жылғы 11 қаңтар күні көпқабатты тұрғын үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды. Куәгерлер марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болғанын айтқан. Полиция күдіктінің марқұммен бұрын таныс болғанын мәлімдеді.

Кейін 13 қаңтарда полицияның жедел-іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстады. Сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды, тергеу «Адам өлтіру» бабы бойынша жүргізілген болатын. 

Пышақ жарақатынан қаза тапқан қыздың туған ағасы әлеуметтік желіде мәлімдеме жариялап, болған оқиғаға қатысты отбасының ұстанымын жеткізді. Марқұмның ағасының айтуынша, Нұрай күдіктімен шамамен бір жылдай таныс болған. Оның сөзінше, ер адам кейіннен қызды алып қашқанымен, Нұрай қашып құтылған. Осыдан кейін күдікті оны аңдып, қоқан-лоқы көрсетуді жалғастырған.

Мемлекет басшысы: Абай мұрасы – шынайы патриотизмнің қайнар көзі 

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Абай күні еліміздегі ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанына да тоқталды.

Қайсар Қамза мен басқа блогерлерді заңсыз казино жарнамасына тартқан өзбекстандыққа іздеу жарияланды 

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалаған Өзбекстан азаматына халықаралық іздеу жариялады. Ол 35-тен астам блогерді тартқан.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.