Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған пайдаланушылардың 53%-ы және ақылы жазылымы бар қолданушылардың 56%-ы пайдаланады. Бұл Кинопоисктің Қазақстан нарығындағы ең ірі ойыншы екенін көрсетеді.
Сарапшылардың мәліметінше (2026 жылдың II тоқсаны), онлайн-кинотеатрлар қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналған: қала тұрғындарының 42%-ында кемінде бір онлайн-кинотеатрға жазылым бар. Осындай жағдайда Яндекс Плюс** жазылымы арқылы қолжетімді Кинопоиск нарықтағы көшбасшылық орнын сақтап отыр.
Сервистің позициясының нығаюы онлайн-видео индустриясының қарқынды дамуымен қатар жүріп жатыр.
J’son & Partners Consulting халықаралық зерттеу компаниясының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы онлайн-видео нарығының жалпы табысы 49%-ға өсіп, 27,65 млрд теңгеге жетті. Табыстың негізгі бөлігін ақылы жазылым (SVOD) қамтамасыз етіп, жалпы кірістің 59,3%-ын құрады. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан нарығы біртіндеп ақылы платформалар басым дамыған елдердің үлгісіне жақындап келеді.
Кинопоиск Қазақстанда кино көру мәдениетін жүйелі түрде дамыту үстінде. Бүгінде отандық премьераларға деген қызығушылық жаппай сипатқа ие болып отыр және сервис осы сұранысқа жауап береді: онлайн-кинотеатр қазақстандық соңғы жылдардағы хит фильмдермен тұрақты түрде толықтырылып келеді, өз сериалдарын шығарады, контентті қазақ тіліне дубляждайды, қазақстандық режиссерлердің ең кассалық фильмдері мен әлемдік премьераларды жедел түрде ұсынады.
Сонымен қатар сервис шетелдік фильмдер кітапханасын үнемі кеңейтуде. Пайдаланушылар HBO Max-тың танымал фильмдері мен сериалдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін Amediateka сервисіне жазыла алады.
Көрермендер басты премьералар мен сериалдардың жаңа маусымдарын әлемдік релизімен бір уақытта тамашалай алады. Олардың қатарында «Рыцарь Семи Королевств», «Дом Дракона», «Эйфория», «Питт» және «Рик и Морти» сериалдары, сондай-ақ «Битва за битвой», «Грозовой перевал», «Дюна», «Интерстеллар» фильмдері мен «Гарри Поттер» франшизасының барлық бөлімдері бар.
Amediateka-мен жазылым пайдаланушыларға Paramount+ сервисіндегі танымал жобаларды да ұсынады. Олардың қатарында «Форрест Гамп», «Крестный отец», «Йеллоустоун» және басқа да фильмдер мен сериалдар бар.
Сервистің «Спорт» бөлімі де көрермендердің елеулі бөлігін қызықтырады. Жанкүйерлер үшін ең ірі оқиға футболдан әлем чемпионатының барлық 104 матчының көрсетілімі болды. Турнир ойындарын Яндекс Плюс жазылушыларының әрбір үшіншісі тамашалады, ал Испания мен Аргентина құрамалары арасындағы финалдық кездесу ең көп қаралған матчқа айналды.
Арнайы турнир қарсаңында платформадағы «Инсайты» режимі жаңартылып, онда жедел статистика, командалардың құрамдары және нақты уақыт режиміндегі күтілетін голдар (xG) көрсеткіші қолжетімді болды.
Сервисте сондай-ақ Англия Премьер-лигасы мен Испания Ла Лигасының матчтары, Ұлттық хоккей лигасының (NHL) ойындары, UFC турнирлері, әлемдік теннис және автоспорт жарыстары, сондай-ақ Қазақстан Премьер-лигасының матчтары көрсетіледі.
Бұдан бөлек, спорт жанкүйерлері 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары – 2026» (The Games of the Future 2026) халықаралық турнирінің трансляцияларын көре алады. Бұл турнир киберспортты, дәстүрлі спорт түрлерін және заманауи технологияларды біріктіреді.
* Research Central Asia (KANTAR халықаралық желісінің ресми серіктесі) сауалнамасы 2026 жылдың маусым айында Қазақстан қалаларында тұратын 18-55 жас аралығындағы 1000 тұрғын арасында жүргізілді. Зерттеу барысында елде жұмыс істейтін 15 жазылым сервисінің танымалдығы бағаланды. Зерттеуде жазылушы ретінде аккаунт иелерімен қатар, бір жазылымды пайдаланатын олардың отбасы мүшелері де есепке алынды.
** Яндекс Плюс – бүгінде Қазақстанда 2 миллионнан астам адам пайдаланатын кешенді жазылым. Ол Кинопоиск сервисіндегі фильмдерге, сериалдарға, телеарналар мен спорттық трансляцияларға, Яндекс Музыкадағы музыка мен жеке ұсыныстарға, сондай-ақ 250 мыңнан астам электронды және аудиокітаптар мен комикстерден тұратын Яндекс Кітаптар каталогына қолжетімділік береді.
Сонымен қатар Яндекс Плюс жазылушылары Яндекс Афиша, Go, Еда, Заправки сервистеріндегі сатып алулары үшін Яндекс Плюс бонустық ұпайлары түрінде кешбэк ала алады, сондай-ақ серіктес сервистердің арнайы ұсыныстарын пайдалана алады.


