Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу – бірлескен жұмыстың маңызды бағыты

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2025–2026 жылдарға арналған суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары аясында №21 мекеменің психологы Оразбаева Әсемгүл Оралбекқызы №5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен психологиялық іс-шара өткізді.
Кездесу барысында қызметкерлер мен мерзімді әскери қызметшілерге метафоралық ассоциативтік карталарды пайдалана отырып психологиялық диагностика жүргізілді. Қатысушылар өздерінің эмоционалдық жағдайын, ішкі күйзеліс деңгейін, қызметтік міндеттерді орындауға деген ынтасын бағалап, сондай-ақ жеке ресурстары мен қиын өмірлік жағдайларды еңсеру тәсілдерін анықтауға мүмкіндік алды.
Метафоралық карталарды қолдану қатысушылардың өз ойлары мен сезімдерін ашық айтуына мүмкіндік беретін сенімді психологиялық ахуал қалыптастырды. Іс-шара барысында психологиялық қолдау көрсету, моральдық-психологиялық тұрақтылықты нығайту, қауіп факторларын дер кезінде анықтау және әскери қызметшілер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту және күйзеліске төзімділікті арттыру жолдары қарастырылды. Қатысушыларға уақытылы психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндіріліп, қиын эмоционалдық жағдайда жүрген әріптестеріне қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар берілді.
– Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу – жүйелі тәсілді, тұрақты назарды және түрлі ведомстволар мамандарының тығыз өзара іс-қимылын талап ететін маңызды бағыт. Психологиялық қызметтердің бірлескен жұмысы әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға, олардың психологиялық тұрақтылығын нығайтуға және әскери ұжымдарда қауіпсіз әрі қолайлы психологиялық орта қалыптастыруға бағытталған, – деп атап өтті мекеменің психологы Әсемгүл Оразбаева.

«О СПОРТ, ТЫ – МИР!»

МЕЖДУНАРОДНЫЙ МУЛЬТИСПОРТИВНЫЙ ТУРНИР «ИГРЫ БУДУЩЕГО – 2026», КОТОРЫЙ ВПЕРВЫЕ ПРОХОДИТ В СТОЛИЦЕ КАЗАХСТАНА, – ВАЖНЫЙ ШАГ В РАЗВИТИИ МЕЖДУНАРОДНОГО СПОРТИВНОГО СОТРУДНИЧЕСТВА И УКРЕПЛЕНИИ ПОЗИЦИЙ НАШЕЙ СТРАНЫ КАК ПЛОЩАДКИ ДЛЯ ПРОВЕДЕНИЯ ЗНАЧИМЫХ СОБЫТИЙ НА СТЫКЕ СПОРТА И ЦИФРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ. В торжественной церемонии открытия на...

Өндіріп алушының  өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау мемлекеттік қызметтің маңызды аспектілері

          Ақмола облысының Әділет департаменті көрсететін маңызды мемлекеттік қызметтердің бірі...

Как стать изобретателем и получить патент на изобретение

Изобретатель – это звучит гордо, ведь благодаря их изобретениям...