Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі Қазақстандағы саяси өзгерістердің заңды жалғасы болмақ.
Италияның Азия институты өкілдерінің айтуынша, олар Қазақстанның соңғы бірнеше жыл бойы дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқан реформалар бағытын мұқият бақылап келеді.
«Алдағы парламенттік сайлау – конституциялық реформалардың табиғи жалғасы. Италияның Азия институты Қазақстанның саяси даму үдерісін үлкен қызығушылықпен бақылап отыр», – деді институт өкілі.
Оның пікірінше, сайлау азаматтарға елдің алдағы даму бағытын айқындауға және жүзеге асырылған реформаларды іс жүзінде іске асыруға қатысуға мүмкіндік береді.
Жаңа Құрылтайдың жасақталуы саяси жүйені жаңғыртуға және Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттердің бірі ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.


