Қазақстанда құны 800 миллиард теңгеден асатын 45 кәріздік тазарту құрылысы жаңартылады

Осыдан ондаған жыл бұрын пайдалануға берілген кәріздік тазарту нысандары кейінгі жылдардағы ең ауқымды жаңғыртудан өтеді. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елімізде жалпы құны 800 миллиард теңгеден асатын 45 кәріздік тазарту құрылысын салу мен қайта жаңарту жобасы іске асырылуда.


Бүгінде елдегі мұндай нысандардың тозу деңгейі орта есеппен 65%-дан асады, ал кейбірінің қолданыста жүргеніне жарты ғасырдан асқан. Оларды жаңарту жұмыстары басталып та кетті: бес жоба толық аяқталса, Атырау, Қызылорда және Қаражал қалаларындағы тағы үш нысанды 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Бұл жобаларды іске асыру сарқынды суларды ағызу жүйесінің тиімділігін арттырып, суды тазарту сапасын жақсартады әрі өңірлердегі экологиялық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті....

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ МО ЯНЬ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо...

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...