Жемқорлықты болдырмау — міндетіміз

       Жемқорлық  қоғамның дамуына кедергі келтіретін, заң үстемдігі мен әділдікқағидаттарына нұқсан келтіретін аса қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол азаматтардың мемлекеттікоргандарға деген сенімін төмендетіп, қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарыныңәлсіреуіне әкеледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.

       Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға, цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге және мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

      Жемқорлықпен күрестің ең тиімді жолы — оның алдын алу. Бұл бағытта әрбір азамат заң талаптарын мүлтіксіз сақтап, пара беру мен пара алуға жол бермеуі тиіс. Қоғамда адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру — құқықтық мемлекет құрудың маңызды шарты.    

      Әсіресе мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жоғары жауапкершілік жүктеледі. Олар кәсіби әдеп нормаларын сақтап, өз қызметінде заңдылық, әділдік және адалдық қағидаттарын басшылыққа алуы қажет. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау — олардың басты міндеті.

     Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрбір азаматтың жекежауапкершілігінен басталады. Заң талаптарын сақтау, адалдық қағидаттарын ұстану жәнесыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік таныту  әділетті қоғам құрудыңбасты негізі.

Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы сот отырысының хатшысы Айкен Мустафина

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті....

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ МО ЯНЬ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо...

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...