Меритократия іс жүзінде: Айдардың мемлекеттік қызметтегі үлгілі жолы

Мемлекеттік қызметтегі меритократия – бұл әрбір қызметкердің тек өзінің білімі, табанды еңбегі және кәсібилігі арқылы биік белестерге жету мүмкіндігі. Бұл жүйеде ешкім бірден жоғары лауазымға ие болмайды, әрбір қадам үлкен жауапкершілік пен тәжірибені талап етеді. Осы қағидаттың айқын әрі шабыттандыратын дәлелі ретінде Жилкиайдаров Айдар Бекбердиұлының еңбек жолын атап өтуге болады.

Айдар Бекбердиұлы өзінің мемлекеттік қызметтегі мансабын 2016 жылдың тамыз айында Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында жеке кәсіпкерлерді әкімшелендіру бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы болып ең төменгі сатыдан бастады. Өзінің ісіне деген адалдығының арқасында ол көп ұзамай толыққанды жетекші маман, ал 2017 жылдың маусымында сол мекеменің жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы лауазымына көтерілді.  

Жаңа белестерді бағындыру мақсатында ол 2018 жылы Бостандық ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы қызметіне ауысып, жергілікті атқарушы органдағы тәжірибесін шыңдай түсті. Меритократия тек еңбекті ғана емес, үздіксіз білім алуды да талап етеді. Осы орайда Айдар Бекбердиұлы 2019-2021 жылдары ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында магистратурада оқып, басқарушылық құзыреттерін жоғары деңгейге көтерді.  Академияны табысты аяқтағаннан кейін оның мансабында жаңа кезең басталды. 2022 жылдың маусымында Алматы қаласы Экономика басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы болып тағайындалып, өзінің алғашқы басқарушылық лауазымына ие болды.  

Оның табандылығы мен іскерлік қабілеті қалалық деңгейде де жоғары бағаланды. Әр жылдары Бостандық ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, сондай-ақ Алматы қаласы әкімі аппаратында бас инспектор және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы ретінде қаланың дамуына үлес қосты.   

Айдар Бекбердиұлы Алматы қаласының өңірлік кадр резервіне 2024 жылдың тамыз айында қабыдануы оның жоғары кәсіби деңгейінің, заманауи басқарушылық құзыреттілігінің және мемлекеттік қызметтегі мінсіз беделінің ең басты әрі айқын көрсеткіші.

Бүгінгі таңда, 2025 жылдың қазан айынан бастап, Айдар Бекбердиұлы Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы деген жоғары әрі аса жауапты лауазымды абыроймен атқарып келеді.  

Айдардың тоғыз жыл ішінде қарапайым маман міндетін атқарушыдан бастап аудан әкімі аппаратының басшысына дейінгі жүріп өткен жолы – бұл Қазақстанның мемлекеттік қызметінде меритократия қағидатының нақты жұмыс істейтіндігінің жарқын көрінісі. Оның мысалы жас мамандарға сапалы білім мен адал еңбектің әрқашан лайықты бағаланатынын дәлелдейді.

Оңғаров Саян Болатұлы 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 

Алматы қаласы бойынша департаменті

Бас маман м.а.

Қазақстанда қайтадан +44 ыстық: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Елдің басым бөлігінде күн күрт ысиды. Оңтүстікте ауа температурасы...

ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКСАУМАҚТЫҚ СОТТЫЛЫҚ

2025 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Берік отбасы – берекелі қоғамның негізі

Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Әрбір...

Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған нақты қадамар

Еңбекпен қамту – әлеуметтік тұрақтылықтың негізі. Халықты тұрақты жұмыспен...

Еңбек құқығы Конституциямен қорғалған

Еңбек адамын қадірлеу әділ қоғам құрудың басты шарттарының бірі...