Тіл-асыл құндылығымыз

      Тіл-адамзат баласына берілген ең ұлы сыйлардың бірі. Ол-адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы ғана емес, халықтың рухани болмысын, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін және ұлттық санасын сақтайтын баға жетпес қазына. Әр халықтың өзіне тән ерекшелігі, өзіндік дүниетанымы мен ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы болады. Сол асыл мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін ең басты күш – ана тілі. Сондықтан тіл – ұлттық жаны, халықтың жүрегі, елдің рухани тірегі.

     Қазақ халқы үшін тілдің орны ерекше. Қазақ тілі – халқымыздың талай ғасырлық тарихымен бірге жасап келе жатқан қасиетті тіл. Осы тілде ата-бабаларымыздың арманы мен мұңы, қуанышы мен қайғысы, батырлығы мен ерлігі, даналығы мен өсиеті сақталған. Бабаларымыз елін қорғап, жерін сақтап қана қоймай, өзінің тілін де кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Бүгінгі ұрпақтың міндеті – сол аманатқа адал болу, ана тілін құрметтеу және оның мәртебесін биіктету.

     Тіл – ұлттың өткенін бүгінмен, бүгінін болашақпен байланыстыратын алтын көпір. Егер халықтың тілі жоғалса, оның тарихы мен мәдениетінің де әлсіреу қаупі бар. Өйткені тіл арқылы біз өзіміздің кім екенімізді, қайдан шыққанымызды, қандай халық екенімізді танимыз. Ана тілі білу – өз халқыңды тану. Өз тілін құрметтеу – өз ұлтыңды құрметтеу. Ал өзге тілдерді үйрену – дүниетанымды кеңейтіп, әлемнен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бірақ қанша тіл білсек те, ана тіліміздің орны әрқашан бөлек болуы тиіс.

    Бүгінгі таңда қазақ тілінің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Интернет пен әлеуметтік желілердің дамуы арқылы қазақ тілінің ақпарат көлемі артып келеді. Жастар арасында қазақ тілінде кітап оқитын, подкаст жүргізетін, бейнеролик түсіретін, білім беретін адамдар көбейіп келеді.

    Қорытындай келе, тіл – халқымыздың баға жетпес асыл құндылығы. Ол – ұлттың рухы, елдің бірлігі, халықтың тарихи жады. Ана тілімізді сақтау және дамыту – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Тілге деген құрмет өзіңнен, өз отбасының, өз ортаңнан басталады. Біз ана тілімізді қаншалықты қадірлесек, ұлтымыздың рухани болашағы да соншалықты жарқын болмақ.

Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы Сагимбеков Арнур Абдиманапович

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті....

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ МО ЯНЬ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо...

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...