Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің сапасы мен қоғам сенімінің кепілі

Мемлекеттік тіл – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі, ұлттық бірегейліктің негізі және мемлекеттіліктің маңызды нышаны. Қазақ тілі – халқымыздың рухани мұрасы ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық саласында кеңінен қолданылуы тиіс мемлекеттік тіл.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, іс қағаздарын жүргізу және қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылуын қамтамасыз етуді міндеттейді.

Сот жүйесі – заң үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік биліктің маңызды тармағы. Сондықтан мемлекеттік тілдің сот қызметіндегі орны ерекше. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда мемлекеттік тілдің толыққанды қолданылуы сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

Сотқа жүгінген әрбір азамат өз ана тілінде немесе мемлекеттік тілде сапалы қызмет алуға құқылы. Осыған байланысты сот қызметкерлері мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, ресми құжаттарды сауатты әзірлеп, азаматтармен кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасай білуі қажет.

Сот қызметкерінің кәсіби мәдениеті тек заңды жетік білумен ғана өлшенбейді. Ол мемлекеттік тілді құрметтеуінен, ресми құжаттарды сауатты дайындауынан, азаматтармен әдепті қарым-қатынас орната білуінен де көрінеді. Мемлекеттік тілде еркін жұмыс істейтін қызметкер – заманауи әрі білікті маманның үлгісі.

Мемлекеттік тіл – тек қарым-қатынас құралы емес. Ол – елдігіміздің белгісі, тәуелсіздігіміздің тірегі және рухани тұтастығымыздың негізі. Мемлекеттік тілді дамыту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әрбір сот қызметкері күнделікті жұмысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге нақты үлес қосса, бұл қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтып, құқықтық мәдениеттің артуына ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік тілге құрмет – мемлекетке құрмет. Ана тіліміздің мәртебесін арттыру арқылы біз заң үстемдігін нығайтып қана қоймай, ұлттық құндылықтарымызды келер ұрпаққа аманаттаймыз.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар

жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотының

сот әкімшісінің басшысы                                            

А.Каримолдаева

Тіл – рухани байлығымыз

Тіл – ұлттың жаны, рухани қазынасы және ел бірлігінің...

Закон и порядок – ценность каждой семьи

В учреждении №19 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Ортақ меншікті бөлу тәртібіне өзгеріс енгізілді

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы...