Тіл – рухани байлығымыз

Тіл – ұлттың жаны, рухани қазынасы және ел бірлігінің негізі. Ана тілі – халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, дүниетанымы мен рухани құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл мұра. Сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – әрбір азаматтың ғана емес, мемлекеттік органдардың, соның ішінде сот жүйесі қызметкерлерінің де маңызды міндеті.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту, оны ресми қарым-қатынас пен іс жүргізудің негізгі тіліне айналдыру – еліміздің тіл саясатының басым бағыттарының бірі.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудің, әділ сот төрелігін жүзеге асырудың және халықтың сотқа деген сенімін арттырудың маңызды тетігі болып табылады. Азаматтардың өтініштері мен арыздарын қабылдау, сот процестерін жүргізу, сот актілерін әзірлеу және іс жүргізу барысында мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуы – заң талаптарын орындаумен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға қосылған нақты үлес.

Бүгінде сот саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Сот қызметкерлері мен судьялардың қазақ тіліндегі құқықтық терминологияны дұрыс әрі сауатты қолдануы, ресми құжаттарды мемлекеттік тілде әзірлеуі және азаматтармен қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасауы кәсіби мәдениеттің маңызды көрсеткіші саналады. Сонымен қатар соттарда мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған семинарлар, дөңгелек үстелдер, құқықтық дәрістер мен түрлі танымдық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген. Бұл тағылымды сөз мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызын айқын көрсетеді. Тілді құрметтеу – ұлттық құндылықтарды құрметтеу, ал оны дамыту – тәуелсіздігімізді нығайтудың бір жолы.

Әрбір сот қызметкері мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге өз үлесін қосуы тиіс. Себебі мемлекеттік тілде сауатты сөйлеп, ресми құжаттарды талапқа сай рәсімдеу және азаматтарға сапалы қызмет көрсету – сот жүйесінің ашықтығы мен беделін арттырудың маңызды кепілі.

Тіл – халқымыздың рухани байлығы, тәуелсіздігіміздің тұғыры және мемлекетіміздің бірлігін айқындайтын басты құндылықтардың бірі.

Мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолданыс аясын кеңейту – ортақ міндет. Ана тілімізді құрметтеп, оны күнделікті қызметте кеңінен қолдану арқылы біз құқық үстемдігін нығайтуға, қоғамның сенімін арттыруға және ұлттық құндылықтарды сақтауға өз үлесімізді қоса аламыз.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінідегі

мамандандырылған ауданаралық сотының приставы                                             

Раушан Тойбазарова

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің сапасы мен қоғам сенімінің кепілі

Мемлекеттік тіл – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі, ұлттық...

Закон и порядок – ценность каждой семьи

В учреждении №19 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Ортақ меншікті бөлу тәртібіне өзгеріс енгізілді

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы...