Алматыда Конституция мен заңнамадағы өзгерістерді түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

2026 жылғы 15 шілдеде Алматы қаласындағы №12 Орталық қалалық клиникалық ауруханасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі қағидаттарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Кездесуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлімхан Шынарай ашып, заңнамалық реформаларды түсіндіру мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтудағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Іс-шара барысында заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Дүйсенов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі қағидаттары мен конституциялық реформалардың маңызы туралы баяндама жасап, олардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Нұрлан Тлешалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды таныстырып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жаңа құқықтық тетіктерді түсіндірді. Ал Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Венера Мурзагельдинова мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы негізгі жаңашылдықтарды баяндап, оларды тәжірибеде қолдану ерекшеліктеріне тоқталды.

Сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиал директоры Айнұр Маратқызы мемлекеттік қызметті дамытудағы құқықтық реформалардың маңыздылығы, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру және тиімді мемлекеттік басқаруды қалыптастыру мәселелері жөнінде баяндама жасады.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, заңнамалық өзгерістерді практикалық тұрғыдан қолдану бойынша жан-жақты түсіндірмелерге ие болды. Ашық диалог форматында өткен іс-шара мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыруға, заң талаптарын түсіндіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

Жеке сот орындаушыларының іс –әрекетін даулау

Талап қоюды беру тәртібі мен мерзімі Сот орындаушыларының әрекетін (әрекетсіздігін)...

Қазақстан мен Франция театр өнері, музей және архив ісі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Парижде Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ҚР Мәдениет және...

 Алматы – жүрегіміздің төріндегі қала

Қала күніне орай №196 жалпы білім беретін мектепте мерекелік...

Француз филологиясы: халықаралық білімге бастар жол

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 2026-2027 жаңа оқу жылында...

Своевременное и востребованное издание

РАЗВИТИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ ЮСТИЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ОБУСЛОВИЛО ПОТРЕБНОСТЬ НЕ...