Заң және Тәртіп: Цифрлық дәуірдегі құқықтық қауіпсіздіктің қарапайым ережелері

Қазіргі заман — жоғары технологиялар дәуірі. Бұл үрдіс мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін түбегейлі трансформациялап, отандық заңнаманың дамуына жаңа серпін берді. Бүгінде елімізде мемлекеттік қызметтерді толықтай цифрлық форматқа көшіру мақсатында ҚР Цифрлық кодексі, «Цифрлық активтер туралы» Заңы сынды маңызды құқықтық актілер қабылданып, жүзеге асырылуда.

Алайда, отандық заңнаманың жаңғыруы өзімен бірге жаңа қауіптерді де ала келді. Қылмыс әлемі де заман ағымына бейімделіп, ақпараттық жүйелерді айла-шарғыға айналдыруда. Бүгінде құқық бұзушылықтар цифрлық кеңістікке ойысып, қоғамдағы заң мен тәртіптіңмызғымастығына сын-қатер төндіріп отыр.

Заң мен тәртіп концепциясын ілгерілетудің құықықтық нәтижелерінің бірі – құқықтық сауаттылықты дамыту болып табылады. Осы орайда цифрлық дәуірдегі құқықтық қауіпсіздіктік қарапайым ережелерін түсіндіріп өткен жөн деп есептейміз. 

Сот тәжірибесінде күн сайын біраз қылмыстық іс материалдары — мүлікке тыйым салу, банк шоттарын бұғаттау және басқа да тергеу әрекеттері бойынша санкциялар қаралады. Бұл құжаттардың артында адам тағдыры және үлкен қасірет тұр. Өмір бойы жиған зейнетақысынан бес минутта айырылған қарттар, алаяқтардың арбауына түсіп, мойнына миллиондаған несие ілінген қарапайым жұмысшылар және басқалары.

Ең өкініштісі — бұл азаматтардың барлығы дерлік құқықтық сауаттылықтың төмендігінен, өз қаражаттарын қылмыскерлердің қолына өз еркімен ұстатқан. Осы орайда сот органының басты міндеті — заң аясында құқықтық тәртіпті қорғау және азаматтарды киберқылмыстың тұзағынан сақтандыру.

Қылмыскерлердің негізгі әдісі — өздерін банк қауіпсіздік қызметі, Ұлттық банк, халыққа қызмет көрсету орталығы немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстыру. Олар психологиялық қысым көрсетіп, «Атыңыздан несие рәсімделуде», «Ақшаны қауіпсіз шотқа аударыңыз» немесе «Тез табыс табуға болады» деген жалған шаблонды сөздерді қолданады.

Есіңізде болсын, телефоныңызға келген SMS-код — бұл сіздің электронды қолтаңбаңыз. Бұл кодты үшінші тұлғаларға беру арқылы сіз өз құқықтарыңызды шектеп, қылмыскерлерге жол ашасыз.

Соынмен бірге, бүгінде жастар, әсіресе студенттер арасында тағы бір қауіпті құқық бұзушылық белең алуда. Олар жеңіл пайда табу үшін өз аттарына банк карталарын ашып, оны бөгде тұлғаларға сатып жібереді. Мұндай адамдарды «дропперлер» деп атайды. Қылмыстық кодекске жаңа 232-1-бап енгізілді, осыған орай дропперлік ресми түрде қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. 

Өз картаңызды басқа біреуге беру — қылмысқа серіктес болу деген сөз. Заң алдында жауапкершілік тең. Сот мұндай шоттарды бірден бұғаттайды және осы заңсыз әрекетке барған азаматтар бірінші болып жауапқа тартылады.

Қылмыстың алдын алу — заң мен тәртіпті орнатудың ең тиімді жолы. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін келесі  қарапайым ережелерді сақтау кепіл болуы мүмкін, атап айтқанда:

— банктік картаңыздың (шотыңыздың) деректерін ешкімге айтпаңыз; 

— мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде полиция, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сондай- ақ банк қызметшілері  ешқашан WhatsApp, Telegram немесе өзге мессенджерлер арқылы бейнеқоңырау шалмайды;

— SMS-код — сіздің жеке құпияңыз, ешбір тұлға оны сұрауға құқылы емес. Сұраған сәтте байланысты бірден үзіңіз;

— егер сізді асықтырып, үрей туғызса — тұтқаны қойыңыз. сабырға келіңіз де, банктің ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз.

Мемлекет тарапынан қылмыскерлерді анықтау, шоттарды бұғаттау және құқықтық тәртіпті орнату бағытында заң аясында барлық шаралар қабылдануда. Алайда, шетелден басқарылатын киберқылмыстармен күресу әрбір азаматтың салқынқандылығы мен құқықтық сауаттылығына тікелей байланысты.

Күмәнді сәтте телефондағы қызыл батырманы басу — өзіңізді қылмыс жәбірленушісі болудан сақтайтын ең басты құқықтық қорғанысыңыз.

Ұлытау облысы Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясыТаласбаев У.С.

​         

Осуществление правосудия только судом

В соответствии со ст. 11 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан,...

«Алматинский стрелок». Десять лет спустя

18 ИЮЛЯ 2026 ГОДА ИСПОЛНИЛОСЬ ДЕСЯТЬ ЛЕТ ПРЕСТУПЛЕНИЮ, КОТОРОЕ...

«ИИ во благо, ИИ для всех»

В СВОЕМ ВЫСТУПЛЕНИИ В РАМКАХ ЦЕРЕМОНИИ ОТКРЫТИЯ ВСЕМИРНОЙ КОНФЕРЕНЦИИ...

ОСК ҚАЗАҚСТАННЫҢ «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ТІРКЕДІ

Бүгін Астанада Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын...

ОСК ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ТІРКЕДІ

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 2026 жылғы 23 тамызға...