Адам құқығы – әрбір адамның туған сәтінен бастап берілетін ажырамас құндылығы. Оладамның ар-намысын, бостандығын, қауіпсіздігін және теңдігін қамтамасыз етеді. Құқықсақталған жерде әділет салтанат құрады, ал құқық бұзылған жерде қоғамның дамуытежеледі. Сондықтан адам құқығын қорғау – тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтыңортақ міндеті.
Қазіргі таңда қоғамда нәзікжандылардың және жасөспірімдердің құқықтарын қорғаумәселесі ерекше өзекті. Себебі бұл санаттағы азаматтар кейде өз құқықтарын толыққорғай алмайды және түрлі қысымға ұшырауы мүмкін.
Әйел – отбасының ғана емес, қоғамның тірегі. Оның білім алуға, еңбек етуге, өз пікірінеркін айтуға, қауіпсіз өмір сүруге толық құқығы бар. Өкінішке қарай, тұрмыстықзорлық-зомбылық, еңбек саласындағы кемсітушілік, психологиялық қысым сияқтымәселелер әлі де кездеседі. Мұндай жағдайларда үнсіз қалу мәселені шешпейді. Заң әрбіразаматтың құқығын қорғайды, сондықтан құқық бұзылған жағдайда тиісті органдарғажүгіну – заңмен кепілдендірілген құқық.
Мысалы, көпбалалы ана ұзақ жыл бойы жұмыс істеп жүрген мекемесінде қызметтік өсумүмкіндігінен бірнеше рет шеттетілген. Ол өз құқығын қорғау үшін заңгердің көмегінежүгініп, еңбек заңнамасына сәйкес әділ шешімге қол жеткізді. Бұл оқиға құқықты білумен оны қорғаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Жасөспірімдердің құқығы да ерекше қорғауды қажет етеді. Әрбір бала мен жасөспірімніңбілім алуға, денсаулығын сақтауға, қауіпсіз ортада өмір сүруге, пікірін еркін білдіругежәне зорлық-зомбылықтан қорғалуға құқығы бар. Өкінішке қарай, мектептегі буллинг, интернеттегі қорлау, мәжбүрлі еңбек немесе ата-ананың немқұрайлылығы секілдіжағдайлар олардың құқықтарының бұзылуына әкеліп жатады.
Мысалы, мектепте бір оқушыны қатарластары ұзақ уақыт бойы мазақтап, әлеуметтікжеліде келемеждейтін бейнематериалдар таратқан. Бұл жағдай уақытында анықталып, мектеп әкімшілігі, психолог және ата-аналар бірлесіп жұмыс жүргізудің арқасындамәселе шешімін тапты. Осы мысалдан бала құқығын қорғауда тек заң ғана емес, мектеп, отбасы және қоғамның бірлескен әрекеті маңызды екенін көруге болады.
Адам құқықтарын қорғау тек мемлекеттік органдардың жұмысы емес. Ол әрбір ата-ананың, әрмұғалімнің, әр жұмыс берушінің, әр азаматтың азаматтық борышы. Заңды білу – өз құқығыңдықорғаудың алғашқы қадамы, ал өзгенің құқығын құрметтеу – мәдениетті қоғамның белгісі.
Құқықтық мемлекет заңдардың көптігімен емес, олардың әділ орындалуымен ерекшеленеді. Егер әйел өзін қауіпсіз сезінсе, бала қорықпай білім алса, әр азамат өз пікірін еркін білдіре алса, бұл мемлекеттің ең үлкен жетістігі.
Бүгінгі жасөспірім – ертеңгі дәрігер, мұғалім, инженер, кәсіпкер немесе судья. Бүгін құқығықорғалған қыз бала – ертең елдің дамуына үлес қосатын білімді ана, білікті маман болады. Сондықтан нәзікжандылардың құқықтарын қорғау – отбасының беріктігін сақтау болса, жасөспірімдердің құқықтарын қорғау – мемлекеттің ертеңін қорғау.
Қорытындылай келе, адам құқығы – заң баптарымен ғана өлшенетін ұғым емес. Ол – ар-ождан, әділет, жауапкершілік және адамға деген құрмет. Құқығы қорғалған азамат – өзіне сенімдіазамат. Өз құқығын білетін қоғам – әділетті қоғам. Ал әділетті қоғам – Мәңгілік Елдің ең берікіргетасы.
Ақтөбе облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы
А.С.Байпакова


