«Семей орманында» орман өртенуде: Оқиға орнында ТЖМ мен тікұшақтар жұмыс істеп жатыр

Қамышен орманшылығының 57-орамында орман өртенуде.

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында орман өртін сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

2026 жылғы 16 шілдеде сағат 09:45-те «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалының Қамышен орманшылығының 57-орамында орман өрті тіркелді.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің 7 қызметкері, 1 автоцистерна (АЦ), 1 кіші орман өрт сөндіру патрульдік кешені (МЛПК), 1 трактор, ТЖМ 30 адам және 8 техника, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның Bambi Bucket су төгу құрылғысымен жабдықталған әуе кемесі жұмылдырылған. Қосымша күш ретінде өрт орнына 2 автоцистерна, 2 трактор, 1 МЛПК және 11 орман күзеті қызметкері бағытталды. Сонымен қатар AS350 тікұшағы және 4 әуе өрт сөндіру десантшысы, сондай-ақ Катон-Қарағайдан Ми-8 тікұшағы өрт орнына аттануда, — деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай бақылауда.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бір тәулікте 7 орман өрті тіркелді.

Қазақстанда жыл басынан бері 69 бала суға батып қаза тапты 

Ішкі істер министрлігі ата-аналарды су айдындарында демалу кезінде балаларды...

Қазақстанда ауа температурасы бойынша 71 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

2026 жылғы маусымда Қазақстанда ауа температурасы бойынша бірнеше рекорд...

Алматыда аптап ыстыққа байланысты көшелерге аэрация жүргізіледі

Алматыда 16–20 шілде аралығында күтілетін аптап ыстыққа байланысты көшелерде...

Құрылтай депутаттарын сайлауға 34,3 миллиард теңге бөлінді

Сайлау республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.Қазақстан Үкіметі 2026 жылғы...

Нөсер жаңбыр және аптап ыстық: Ел аумағында ескерту жарияланды

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын...