Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы игі бастамалардың бірі ретінде мекемеде жазасын өтеуші сотталғандардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, еңбекке баулу және қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында сотталғандар өз қолдарымен жасаған түрлі қолөнер бұйымдарын, ұлттық нақыштағы сәндік заттарды, сондай-ақ өздері тігіп дайындаған киімдерді балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға табыстады.
Бұл игі іс сотталғандардың жасаған еңбегінің қоғам игілігіне бағытталуына мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың бойындағы мейірімділік, жанашырлық және қамқорлық сияқты адами қасиеттерді нығайтуға ықпал етті. Әрбір дайындалған бұйым мен тігілген киімнің артында үлкен еңбек, ыждағаттылық және балаларға қуаныш сыйлауға деген шынайы ниет жатыр.
ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің 79 мекемесінің әкімшілігі мұндай қайырымдылық шараларының тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті. Себебі еңбек арқылы түзелу қағидатын жүзеге асырумен қатар, сотталғандардың қоғамға пайдалы іс атқаруға деген ынтасы артып, олардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсерін тигізеді.
Балаларға сыйланған қолөнер бұйымдары мен киімдер олардың жүздеріне күлкі сыйлап, қайырымдылықтың шынайы мәнін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осындай ізгі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, мейірім мен жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге өз үлесін қоса береді.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...