Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 мекемеде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мәдени-рухани іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік кешке арнайы шақырылған домбырашы қатысып, қазақтың төл өнері – күйдің тарихы мен тағылымы туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. Оның орындауындағы күйлер кешке ерекше рухани атмосфера сыйлап, көрермендерді ұлттық өнердің терең болмысымен қауыштырды.

Іс-шара барысында сотталған әйелдер де белсенділік танытып, ұлттық нақыштағы киімдер киіп, домбырамен халық күйлері мен әндерін орындады. Қазақ халқының салт-дәстүрі, өнері мен мәдениетін насихаттайтын сахналық көріністер ұсынылып, сөз сайысы мен ұлттық өнер элементтері көрініс тапты. Бұл мерекелік бағдарламаның мазмұнын байытып, қатысушылардың ерекше ықыласына бөленді.

Кездесу барысында домбыраның қазақ халқы үшін тек музыкалық аспап қана емес, ұлттың рухын, тарихы мен болмысын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін қасиетті мұра екені кеңінен айтылды. Осындай тағылымды шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, сотталғандардың рухани дүниесін байытып, олардың мәдени ортаға бейімделуіне және адамгершілік құндылықтарды нығайтуға оң ықпал етеді.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінде сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге бағытталған мәдени-ағартушылық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Ұлттық домбыра күніне арналған бұл іс-шара да ұлттық мұраны насихаттап, рухани тәрбиені нығайтудың жарқын үлгісіне айналды.

«Ізгі істер жылуы»: мекеме қызметкерлері оқушыға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесті

Жаңа оқу жылы қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

«Әні барда – өзі бар» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды

ҚР ІІМ ҚАЖК 79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында қазақ...

Абай облысында рақымшылық бойынша босатылған сотталған азаматты туған бауыры қарсы алды

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...