Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында ұйымдастырылған жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті. Бірнеше апта бойы қатысушылар әртүрлі спорт түрлері бойынша өздерінің шеберліктерін, командалық бірлігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Спартакиада бағдарламасына шахмат, үстел теннисі, қол күресі, кір тасын көтеру, шағын футбол, волейбол және арқан тарту жарыстары енгізілді. Барлық сайыстар өзара сыйластыққа, әділ бәсекелестікке және жоғары спорттық рухқа негізделген атмосферада өтті.
Жалпыкомандалық есеп қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын – №3 жасақ командасы
2 орын – №1 жасақ командасы
3 орын – №2 жасақ командасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, спартакиада барысында белсенділік танытып, табандылық пен жоғары нәтижелерге ұмтылған қатысушыларға алғыс білдірілді.
Мекеме басшылығы командалардың дайындық деңгейін, қатысушылардың ұйымшылдығын жоғары бағалап, осындай іс-шаралардың сотталғандардың денсаулығын нығайтуға, командалық өзара іс-қимылды дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Жазғы спартакиада мекеме өміріндегі жарқын оқиғалардың біріне айналып, қатысушыларды спорт, әділ бәсекелестік және жаңа жетістіктерге ұмтылу идеялары төңірегіне топтастырды.


