Құрылтай сайлауының ақшасы қайдан алынады? – ОСК жауабы  

Құрылтай депутаттарының алдағы сайлауын өткізуге арналған бюджет әзірленіп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, қазір аумақтық сайлау комиссиялары бюджеттік өтінімдер дайындап жатыр. Сол өтінімдер негізінде Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауын өткізуге арналған шығыстар сметасын қалыптастырады.

Жиынтық шығыстар есебі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданады. Қорытынды сома Үкімет шешімімен айқындалады. Құрылтай сайлауы жергілікті атқарушы органдардың шоттары арқылы республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Бұл заңда көрсетілген, – дейді Михаил Бортник.

ОСК мүшесінің сөзінше, 2026 жылғы бюджетте сайлау өткізуге қаражат қарастырылмаған. Сондықтан қажетті қаржы Үкімет резервінен бөлінеді.

Бүгін нақты сандарды айтуға әлі ерте. Жоғарыда айтқанымдай, қазір шығыстар сметасы қалыптастырылып жатыр. Дегенмен кейбір мәселелерге тоқталғым келеді. Сметаның шамамен 75 пайызы сайлау комиссияларының 71 мың мүшесіне еңбекақы төлеуге жұмсалады, – дейді ол.

Михаил Бортник бұл көрсеткіш бұған дейін өткен референдум кезіндегі шығыстармен шамалас екенін атап өтті. Оның айтуынша, сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар осы деңгейде жоспарланып отыр.

Сонымен қатар сметада полиграфиялық өнімдерді дайындауға арналған шығыстар да қарастырылған. Оның ішінде сайлау учаскелеріне қажетті материалдар, ақпараттық бланкілер және партиялар туралы ақпарат бар.

Бұдан бөлек, сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеуге де қаражат бөлінеді. Бұл бағытта телевизия мен радиода бейнероликтер мен аудиороликтер орналастыру, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялау көзделген.

ЮНИСЕФ: Әлемде 20 миллион бала жасанды интеллектіні пайдаланады 

Ұйымның бағалауынша, жасанды интеллектінің балалардың когнитивтік дамуына, эмоциялық жағдайына және цифрлық тәуелділіктің қалыптасуына ұзақ мерзімді әсері әлі толық зерттелмеген.

Алматыда сел қаупі жоқ: ТЖМ тәулік бойы бақылау жүргізуде 

Өзендердің жай-күйі туралы ақпарат нақты уақыт режимінде ахуалдық орталықтарға үздіксіз жеткізіліп отырады.

Венесуэлада жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

Республика президентінің міндетін атқарушы Делси Родригестің айтуынша, бұл шешім жер сілкінісі құрбандарының рухына тағзым ету мақсатында қабылданған.

Жаңа Конституция: Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілді 

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Волонтерлік пен қайырымдылық алғаш рет конституциялық мәртебе алды. Тағы қандай өзгерістер бар?

Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке пайда болды

Қазақстанда ресми түрде жаңа мемлекеттік мереке пайда болды, ол демалыс күні болып жарияланады. Бұл 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енуіне байланысты енгізіліп отыр.