Венесуэлада жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2295 адамға жетті. Бұл туралы елдің Ұлттық Ассамблеясының спикері Хорхе Родригес мәлімдеді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, табиғи апат салдарынан 11,2 мыңнан астам адам жарақат алған. Іздеу-құтқару жұмыстары мен зардап шеккендерге көмек көрсету шаралары жалғасып жатыр.

Осыған байланысты Венесулада жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Республика президентінің міндетін атқарушы Делси Родригестің айтуынша, бұл шешім жер сілкінісі құрбандарының рухына тағзым ету мақсатында қабылданған.

Венесуэланың жүрегі осы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқан азаматтардың қайғысымен бірге. Біз жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, жараланғандар мен хабар-ошарсыз кеткендер үшін дұға етеміз, – деді Делси Родригес.

Еске сала кетейік, жер сілкінісі 24 маусымда тіркелген. Магнитудасы 7,5 болған табиғи апаттың эпицентрі Валенсия қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 60 шақырым жерде орналасқан. Мамандардың бағалауынша, бұл – 1900 жылдан бергі Венесуладағы ең жойқын жер сілкінісі.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдаған.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.