Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр 

Қазақстан Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдарынан кейін туындауы мүмкін жанармай тапшылығының алдын алу үшін үшінші елдерден отын импорттауды көздеп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сенатта өткен брифингте Сауда және интеграция вице-министрі Жанел Күшікова мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі жағдайда елдің ішкі нарығын тұрақты қамтамасыз ету басты назарда.

Қалыптасқан ахуалды ескере отырып, бүгін Еуразиялық экономикалық комиссия аясында импорттық кедендік бажды төмендету туралы шешім қабылдап жатырмыз. Бұл үшінші мемлекеттерден, ең алдымен Қытайдан жанармай жеткізуді ынталандыруға мүмкіндік береді, – деді вице-министр.

Оның сөзінше, Қазақстаннан жанар-жағармайды сыртқы нарыққа шығаруға қатысты шектеулер де өз күшінде қалады. Бұл талаптар қазірдің өзінде қолданылады және әр алты ай сайын қайта ұзартылып отырады.

Журналистер Қытайдан нақты қанша көлемде жанармай импортталатынын сұрағанымен, вице-министр әзірге нақты санды атай алмады.

Қазақстанға тек ішкі сұранысты қамтамасыз етуге қажетті көлем ғана жеткізіледі. Импорттық кедендік баж нөлдік мөлшерлемеге дейін төмендетіледі. Ал оның қазіргі мөлшері әлемдік мұнай бағасына байланысты арнайы формула бойынша есептеледі, – деді ол импортталатын жанар-жағармайдың құны туралы сауалға жауап бере отырып.

Соңғы уақытта Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасалған дрон шабуылдарының саны артқан. Соның салдарынан көрші елдің бірқатар өңірінде, әсіресе Қырымдағы жанармай құю бекеттерінде отын тапшылығы байқала бастаған.

Осы жағдайға байланысты Ресей авиациялық керосин экспортын шектеп, жанар-жағармай жеткізу мәселесі бойынша Қазақстаннан көмек сұраған.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.